Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Үгіт-насихат жұмыстары басталғалы Қазақстан халық партиясының қатары өсіп келеді, - Ж. Ахметбеков

AstanaTV
08.01.2021ж. 20:00
1863
Үгіт-насихат жұмыстары басталғалы Қазақстан халық партиясының қатары өсіп келеді, - Ж. Ахметбеков

Үгіт-насихат жұмыстары бастағалы Қазақстан халық партиясының қатары көбейген. Бұл туралы бүгін партияның Орталық штабында өткен қорытынды кеңесте белгілі болды.

Орталық штаб үгіт-насихат жұмыстарын қорытындылады. Республика бойынша науқанға жұмылдырылған 17 штабтың жұмысына, кеңес мүшелері, жоғары баға берді. Оған - халық сайлауалды бағдарламаны қолдап, партия қатарының өскенін дәлел етті.

Жамбыл АХМЕТБЕКОВ, ҚХП ОРТАЛЫҚ КОМИТЕТІНІҢ ХАТШЫСЫ:

Біз ребрендинг өткізген кезде, атын өзгертіп, халыққа жария еткенімізге 1 апта өткенде мыңдаған адам келіп бізге өтініш білдірді. Содан кейін халықтың көбейюіне байланысты онлайн қабылдайтын болдық. Осы сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары кезінде және және сайлаудан кейін қатарымыз бірнеше есе көтеріледі деген сенімдеміз.
 

Сондай-ақ, партия URAN республикалық қоғамдық бірлестігімен бірге аймақтағы проблемаларды анықтау мақсатында «Қызыл автобус» акциясын бастаған еді. Нәтижесінде халықты мазалаған мәселелер іріктеліп, оларды шешуді қолға ала бастапты. Ал, кей өңірде жергілікті мәслихаттардың дұрыс жұмыс істемей келгендігі де белгілі болған.

Айқын ҚОҢЫРОВ, «ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ» ТӨРАҒАСЫ:

 
«Қызыл автобус» акциясы аясында бірнеше жыл бойы шешімін таппай келген су, жол және үй секілді өзекті мәселелер көтерілді. Бүгінгі күні шешімін тауып келеді, яғни тиісті нәтиже бар. Сонымен қатар осы үгіт-насихат жұмыстары аясында млн-нан астам ақпараттық парақша тараттық. Кездесулер барысында түсіндірме жұмыстар жүргізілді.


Қазақстан халық партиясының жақтастары күні бүгінге дейін 150-ге жуық өңірді аралап шыққан.  Халықты алаңдатқан өзекті мәселелерді көтеріп, тығырықтан шығар жолды ұсынды. Айта кетейік, Мәжілістің соңғы екі шақырылымында төменгі палатадан орын алған, Қазақстан халық партиясы 7-ші шақырылымнан да дәмелі. Жексенбіде өтетін додаға кандидат ретінде 113 адамды ұсынып отыр.

Ә. Өмірзақ