Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Атырауда итті көлігімен сүйреген азамат ұсталды

AstanaTV
08.01.2021ж. 20:00
1517
Атырауда итті көлігімен сүйреген азамат ұсталды

Атырауда итті көлігіне байлап, орталық көшеде сүйреген азамат табылды.

Бұл видео бүгін әлеуметтік желілер арқылы тарады. Бейнеде Lada 21-10 автокөлігі Азаттық көшесі бойымен итті тірідей сүйреп бара жатқаны анық көрініп тұр. Айуандық жасаған азаматты, артындағы көлік қуып жетіп ескерту жасайды. Көп кешікпей полиция әлгі азаматты анықтады. Ол, Атыраудың 57 жасар тұрғыны болып шықты.

Руслан СӘДІРОВ,  АТЫРАУ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ  БАСТЫҒЫ:

 
Аталған факт бойынша автокөлік жүргізушісі  Атырау қаласының тұрғыны анықталып ұсталды. қазіргі уақытта ҚР ҚК 316-бабы бойынша , яғни жануарларға  қатігездік жасау  бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.


Қылмысы дәлденіп жатса, иттігімен көзге түскен азамат 120 айлық есептік көрсеткіш түрінде айып пұл төлейді, не 120 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тартылады немесе 30 тәулікке қамауға алынуы мүмкін.

Б. Нәдірқызы