Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Ақтөбенің Шалқар ауданында теміржолшылары қысқартуға қарсы шықты

AstanaTV
12.01.2021ж. 20:00
2790
Ақтөбенің Шалқар ауданында теміржолшылары қысқартуға қарсы шықты

Ақтөбенің Шалқар ауданы теміржолшылары жаппай қысқартуға ұшырау мүмкін. КТМ: Пандемия кезінде жұмыссыз қалу теміржолшылардың наразылығын тудырды. Айтуларынша, басшылық локомотив депосындағы 300 жұмысшының жартысына жуығын қысқартпақ.

Бұл бейнежазба әлеуметтік желі арқылы тарады. Теміржолшылар, қысқартуға қарсы ереуілге шыққан. Жұмысшылар, арыз-талаптарын Шалқар айналым депосы басшылығы мен аудандық әкімдікке жеткізді.

ТЕМІРЖОЛШЫ:

Бұл жерде өмір сүріп жатқан халық теміржолдың арқасында отыр. Мына жағымыз Ембі мына жағымыз Сексеуіл.  Әрқайсысымызда 5-6 баладан бар. Бір бір ипотека. Мысалы мен балаларымды аяқтандырған жоқпын. Ертең сокращение болады. 99 жыл қайтып келеді. Сол жағдай басыма қайтып келмесіне кім кепілдік береді. Менің балдарымды кім жеткізеді.


Жұмысшылар күдігін депо басшылығы жоққа шығарды. Алайда, депо жұмысында жаңа өзгерістер болатынын мойындады. Бұл тың өзгерістердің қысқартуға қатысы жоқ көрінеді.

Айбек ТАЛАСОВ, КТЖ «ЖҮК ТАСЫМАЛЫ» АҚ  АҚТӨБЕ БӨЛІМШЕСІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:


Сокращение болмайды. Технология работы өзгереді. Бірақ сокращение болмайды. Адамдардарға түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз.

Б. Рақметова