Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

ОСК түрлі деңгейдегі маслихат депутаттарын сайлаудың қорытындысын жариялады

AstanaTV
12.01.2021ж. 18:00
2114
ОСК түрлі деңгейдегі маслихат депутаттарын сайлаудың қорытындысын жариялады

Орталық сайлау комиссиясы түрлі деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлаудың қорытындысын да жария етті. Үш мегополис пен 14 облыста депутаттық мандатқа ие болғандар арасында "Nur Otan" партиясына берілген орын саны басым. Сондай-ақ Мәжіліске өтпей қалған "Ауыл" және "Adal" партияларының үміткерлері кей өңірдегі мәслихаттардан орын алды. Айта кетейік, биыл мәслихат депутаттары алғаш рет пропорционалды сайлау жүйесі бойынша сайланды.

Берік ИМАШЕВ, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:


"ҚР Сайлау туралы" Конституциялық заңына сәйкес депутаттық мандаттарды бөлу кезектілігін саяси партияның тиісті филиалының басшы органы сайлау жарияланған күннен бастап бес күннен кешіктірмей айқындайды.

Ә. Өмірзақ