Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Алматыға қалың қар түсіп, жолда ірі көлік кептелісі пайда болды

AstanaTV
13.01.2021ж. 20:00
3552
Алматыға қалың қар түсіп, жолда ірі көлік кептелісі пайда болды

Алматыға қалың қар түсіп, жолда ірі көлік кептелісі пайда болды. Бір түнде түскен 10 сантиметрлік қар, алматылықтарды әбден әуреге салып қойды. Коммуналды қызметтер болса оны тазартып үлгермей жатыр. Әдеттегі, "Әкімді қайда қарап отыр?", деген сұраққа Әсем Лесбек жауап іздеп көрді.

Синоптиктердің айтуынша, Алматыға бір түнде 10 сантиметрлік қалың қар түскен. Көшеде, көлік қозғалысы қиындап, ірі көлік кептелісі пайда болды. Коммуналды қызметтер болса қарды тазартып үлгермей жатыр.

БЛИЦ:

- Көше тазармай жатыр. Қар шығарып жүрген бірде бір техника көрмедік. Қозғалыс қиын. Қала сыртынан орталыққа әрең жеттік. Әкімдік неге тазартпай жатыр?

-  Кішкентай көшелер көп тазаланбаған. Тазалау керек негізі.

- Негізі 40 минут жүреміз жолда  ал бүгін 1 жарым сағат ұзағырақ болды. –Не себептен? –Жолдың кесірі қар жауған, пробка көп болды.

Қалың қар салдарынан, қалада бір түнде 70-тен аса жол-көлік оқиғасы тіркелген. Соқтығысқан көліктерді кез-келген көшеден кездестіруге болады. Қалалық полиция департаменті арнайы хабарлама таратты. Жүргізушілердің жолда абай болуын өтінді.
 
Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ қ. ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Түңгі сағат 3 тен бастап шахарда 70-тен астам жол-көлік оқиғасы болды. Оның 6-сы зардап шеккендермен. Жауын-шашынның көп болуы қаладағы жол жағдайын едәуір қиындататыны анық. Кептеліс құбылыстары бар. Көліктердің өткізу қабілеті нашарлады.


Ал, жауапты басқармалар болса көшелер қардан тазарып жатқанын айтады. Кеше түнде жолға 630 бірлік техника мен екі мыңға жуық жұмысшы шыққан екен.

Александр СЕРГЕЕВ, АЛМАТЫ қ. ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКА БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:


Қар жауа бастаған сәттен көктайғақтың алдын алу үшін жолға, қиылыстарға, жол-айрықтарына мұз ерітетін материалдар себілді. Қар бірден тазартылып жатыр.

Қалай болғанымен қалың қар жергілікті шенеуніктердің жіті бақылауында. Әр аудан әкімдігі арнайы кезекші топ құрған. Мамандар, қардың тазаруы мен көк тайғаққа қарсы құмның себілуіне жауапты.

Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:


Мамандардың айтуынша, қардың уақытылы тазаруына көлік қозғалысы кедергі келтіріп жатқан көрінеді. Әсіресе тар көшелерде жұмыс істеу қиын. Сондықтан мамандар шағын көшелерді түннің ортасында тазартпақ. Ал, синоптиктер болса, бүгін қардың жаууы тоқтап ауаның температурасы 2 градусқа дейін төмендейді деп болжап отыр.

Ә. Лесбек