Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Мәжілістегі «Nur Otan» фракциясының жетекшісі анықталды

AstanaTV
14.01.2021ж. 20:00
1766
Мәжілістегі «Nur Otan» фракциясының жетекшісі анықталды

Бүгін «Nur Otan» партиясының Мәжілістегі фракция отырысы өтті. Оған партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, ол фракция депутаттарын кезекті жеңісімен құттықтады. Сонымен қатар халық сенімін ақтауда үлкен жауапкершілік жүктелгенін атап өтті. Сайланған депутаттар сайлауалды бағдарламаның толық орындалуына бар күштерін салу керек екенін ескертті. Нұрсұлтан Назарбаев депутаттардың құрамы өзгерістерге ұшырағанын тілге тиек етті. Жаңа адамдар жаңа идеялар әкеліп, Парламент жұмысына серпін береді деп санаймын, - деді. Жиын барысында «Nur Otan» фракциясының жетекшісі де анықталды. «Nur Otan» партиясының Төрағасы, Нұрлан Нығматулинді ұсынды. Депутаттар Елбасы ұсынысын бір ауыздан қолдады.

Ғ.Өтемісов