Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Ақтөбеде гаражда тұрған көлік жарылып, бір адам зардап шекті

Ақтөбеде гаражда тұрған көлік жарылып, бір адам зардап шекті

Ақтөбеде көпқабатты тұрғын үй қасындағы гаражда жарылыс болып, бір адам зардап шекті. Алдын ала болжамға қарағанда, гаражда тұрған көліктің біріне орнтылған газ баллоны жарылған. От, көрші гараждарға өршіп, тағы бір көлікті от шалған. Бүгін таңғы жетіде болған жарылыстан 5 гараж жанып кетті. Дәрігерлердің айтуынша, 49 жастағы азаматтың денесі 25 пайызға күйіп қалған. Қазір ол, жедел жәрдем ауруханасының жан сақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр.

Николай НИКЕЛЬ, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Оқыс оқиға ғой. Көршіміз зардап шекті. Ол келіп гаражын ашқан. Тарс еткен жарылыс болды. Басқа ештеңе есіңде жоқ.

Қазір өрттің шығу себебі мен салдары анықталып жатыр. Белгілісі жарылған көлік, сұйық отынымен жүрген. Ол, толықтай жанып кетті.

Бекет АЙСҰЛТАН, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ТЖД ӨРТ СӨНДІРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Алдын ала болжам бойынша көлікті газбен жүретін болғандықтан оталдыру кезінде өрт шыққан болуы мүмкін. Алдын ала себеп осы. Яғни сол көлік толығымен өрт кезінде жанып кетті.


Б. Рақметова