Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Алматыда көлік айнасын ұрлайтындардың бірі қолға түсті

AstanaTV
21.01.2021ж. 20:00
2253
Алматыда көлік айнасын ұрлайтындардың бірі қолға түсті

Алматыда автокөліктің айнасын үптеп кетуді кәсіп еткен 35 жастағы ер адам ұсталды. Полицияның мәліметінше, күдікті бұған дейін дәл осы қылмыспен сотталып, жақында ғана түрмеден шыққан. Жедел іздестіру кезінде қолға түскен азамат қылмысын түңгі уақыттарда жасап жүргенін айтқан. Ол автотұрақта тұрған көліктердің айналарын шешіп алып жүрген. Артынша қара базарда сатқан. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Полиция Департаменті оның өзге де қылмыстық іске қатысы бар-жоғын тексеруде.

Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ қ. ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:


Тұрақта тұрған көліктердің бүйір айналарын бұрағышпен шешіп алып жүрген. Қазір оның басқа да қылмыстарға қатыстығы тексерілуде. Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 188 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары тіркелді.

Ә. Лесбек