Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Алматыда жалақысыз қалған жұмысшылар ісіне «Nur Otan» партиясы араласты

AstanaTV
20.01.2021ж. 20:00
1397
Алматыда жалақысыз қалған жұмысшылар ісіне «Nur Otan» партиясы араласты

Жалақысын ала алмай алматылық жұмысшылар ісіне «Nur Otan» партиясы араласты. "Астана-Таймс" жаңалықтары қаңтардың 12-сі күні еңбекақысын даулап жүрген 100 жұмысшы мәселесін көтеріп еді. Еске сала кетейін. Алматы-Өскемен күре жолы құрылысшылары мердігер кәсіпорынмен дауласып жалақысын ала алмай жүрген. 25 млн теңгелік қарызы бар компания жауаптан құтыла алмады. Жұмысшылардың жан айқайы «Nur Otan» партиясын жетіп, жалақы толықтай төленді.

Ержан ЖҰМАҒҰЛОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ФИЛИАЛЫ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ИНСПЕКТОРЫ:

Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері мердігер компанияның филиалына бардық. Мекеменің 25 млн теңгелік қарызы болғаны расталды. Мән-жәйді тексеріп, бұл қарыздың Шығыс Қазақстан облысындағы мердігер компаниядан шыққанын анықтадық. Барлық төлемдер жасалды.

Ә. Лесбек