Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қазақстан коронавирустың өлім-жітім дерегі бойынша әлемде 94 орында тұр

AstanaTV
22.01.2021ж. 20:00
1666
Қазақстан коронавирустың өлім-жітім дерегі бойынша әлемде 94 орында тұр

Қазақстан коронавирустан келген өлім-жітім дерегі бойынша әлемде 94-ші орында тұр. Ал, індет тараған 221 мемлекеттің ішінде 109-ншы сатыға көтерілген. Бұл туралы Мемлекет басшысының қабылдауында болған Денсаулық сақтау министрі баяндады. Алексей Цойдың айтуынша жұқпалы ауруханалардың 33 пайызға толған. Ал, жансақтау бөлімдерінің 21 пайызы бос емес. Сонымен қатар, елде COVID-19-ды жұқтыру жағдайы ушықты. Өткен тәулікте ПТР сынамасы арқылы мың жарым отандасымыздан вирус анықталыпты. Ең көп шалдығу Павлодар облысы мен Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген. Эпидемиологиялық жағдайды нашарлауына байланысты бірқатар аймақта шектеу шаралары енгізілді. Соның бірі - Ақмола облысы. Мұнда ертеңнен бастап діни нысандар уақытша жабылды. Сондай-ақ демалыс күндері азық-түлік дүкендерінен басқа сауда орындары жұмыс істемейді. Ал, коронавирус жұқтырып науқастар саны артқан Нұр-Сұлтанда карантин күшеюі мүмкін.

Сархат БЕЙСЕНОВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ БАС САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕРІ:

Егер халық арасында сырқаттану саны артатын болса, біз қатаң шектеу шараларын кезең-кезеңмен немесе бірден енгізуге мәжбүр боламыз. Ауырып қалуымыз тікелей өзімізге байланысты. Сондықтан сақтық шараларына мұқият назар аударуымыз қажет. Елордадағы эпидемиологиялық жағдай қазір «тұрақсыз» екенін есте ұстаған абзал.

Санитарлық талаптарды пысқырмайтындар әлі де көп. Бас прокуратураның мәліметінеше өткен жылы 27 мың адамға әкімшілік хаттама толтырылған. Айыппұл көлемін 2,2 миллиард теңгені құрайды. Оның 1,4 млрд теңгесі қазына қаражатын толтырған. Ережеге бағынбағандардың көшін Түркістан облысы мен Алматы қаласы бастап тұр.

А. Данияр