Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Зейнетақы жинағын пайдалануға өтінім қабылдау платформасы іске қосылмақ - "Отбасы банкі"

AstanaTV
22.01.2021ж. 20:00
3413
Зейнетақы жинағын пайдалануға өтінім қабылдау платформасы іске қосылмақ - "Отбасы банкі"

Ертеңнен бастап зейнетақы жинағын пайдалануға өтінім қабылдау үшін, онлайн-платформа іске қосылады. «Отбасы банкінің» бүгін осыны хабарлады. Жаңа сайт арқылы зейнетақының бір бөлігін мерзімінен бұрын алуға құқығы бар азаматтар, өтініш жолдай алады. Сонымен бірге қордағы ақшаны қандай мақсатта алатынын көрсетуі тиіс. Бұдан бөлек, өтініш беруші азаматта электрондық цифрлық кілт болуы қажет. Сол арқылы электронды тәсілмен уәкілетті оператордың интернет-ресурсында тіркелу, жеке кабинет және арнайы шот ашуға өтінім беру көзделген. Қазірдің өзінде 60 мыңнан астам адам арнайы шоттарын ашып үлгерген. Ал қордағы ақшаны азаматтар тұрғын үй алуға, емделуге және білім алуға жұмсауға мүмкіндік алады. Айтып өтейік, бұл санаттағы қаражатқа алынған пәтерді 5 жыл бойы сатуға тиым салынбақ.

Жансұлтан МАТАЕВ, «ОТБАСЫ БАНК» ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ АҚ ОРТАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Зейнетақы қорындаға ақшаны қай мақсатта пайдаланатынын көрсетіп өтінім береді. Ол өтінім зейнетақы қорына жолданады. 5 күннен кейін жауабы келеді. Содан кейін қажетті құжаттар рәсімделетін болады.

Айтып өтейік, бұл санаттағы қаражатқа алынған пәтерді 5 жыл бойы сатуға тиым салынбақ. Егер қаржы дұрыс мақсатта пайдаланылмаса ол зейнетақы қорына кері қайтарылмақ. Еске сала кетейік, елде зейнетақы қорынан қаражат шешуге 760 мыңға жуық азаматтың мүмкіндігі бар. Ақшаны алуда жас ерекшелігіне байланысты шектеулер қарастырылған. Мәселен, 20 жастағы адамның зейнетақы қорында кем дегенде 1 миллион 700 мың теңгеден астам ақша болуы қажет.

Ғ.Өтемісов