Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Қызылордадағы қазақ драма театрынан шу шықты

AstanaTV
22.01.2021ж. 20:00
4067
Қызылордадағы қазақ драма театрынан шу шықты

Қызылордадағы қазақ драма таетранын шу шықты. Басшылықтан қысым көрдім деген театр әртісі жұмыс орнында өзіне қол жұмсамақ болды. Облыстық Нартай Бекежанов атындағы музыкалық драма театрдағы трагедия жайлы тілшіміз айтып береді.

Әртіс Нұржан Қараманов, бұл театрда жеті жылдай қызмет атқарған. Желтоқсан айында облыстың атқамінерлерінен араша сұрап, театрда диктатураның басым екендігін айтып шағымданыпты. «Осыдан соң басшылар уәдені үйіп-төкті, сосын арызымды қайтарып алдым» дейді. Алайда, басшылық керісінше ізіме түсіп, "отырсам опақ, тұрсам сопақ қылды" дейді.

Нұржан ҚАРАМАНОВ, Н.БЕКЕЖАНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСІ:

Актердің мәртебесі жоқ, бұл жақта актерлер жұмысшы өзбектер сияқты жұмыс істейді. Қызметкерлердің бетіне келе алмайды, келсе директордың командасы жинап алады да, қорқытып, үркітіп жұмыстан шығарып жібереді, шығарамын дейді. Олардың кредиттері бар, сондықтан үндемейді. Жан айқайымды ешкім түсінбей жатқан соң амал жоқ пышақпен өзімнің қолымды кескіледім.

Бұл шуға театрдың бір топ әртістері де үн қатты. Олар шығармашылық еркіндіктің жоқтығына шағым айтты. Сондықтан басшылық құрамды толық өзгертуді талап етуде.

Асқар ОРАЗӘЛИЕВ, Н.БЕКЕЖАНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСІ:

Әртістерде ешқандай еркіндік жоқ. Театрда, сахнада ешқандай еркіндік жоқ. Театр таза өзінің басшылығымен, диктатурасымен айналысады. Баса береді, баса береді, ұрыса береді, ұрыса береді.

Алмагүл АРТЫҚБАЕВА, Н.БЕКЕЖАНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСІ:

Директорден бастап бүкіл командасын өзгертсін. Бұл қайталана береді, қазір жапқанымен, қайталана береді. Қай уақыттағы ауруы театрдың. Сондықтан мына балалардың шырылдап тұрғаны дұрыс деп ойлаймын. Осы мәселені шешіп берсін.

Театр басшылығы болса, өнерпаздардың уәжімен келіспейді. Ал екі кештің ортасында кабинетінің алдына келіп, мінез көрсеткен қызметкерінің психикасы бұзылған деп ойлайды.  

Бақытбек ТЕМІРБЕКОВ, Н.БЕКЕЖАНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Пышақ алып, суицид жасау, ол не нәрсе? Демек, психологиялық дұрыс емес ол. Мен психдеспансерге арыз жаздым.   Басшылық тарапынан қысым көрсетіліп жатыр деген нәрселерге оған ертең өзіміз жауап береміз. Құзырлы оргондардың алдында.

Мөлдір ТОҚТАСЫНҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Шығармашылық ортадан шыққан шудың соңғы нүктесі немен қойылатындығы белгісіз. Әзірге тараптар бір мәмілеге келген жоқ. Тек қазақ театрының алғашқы спектаклі сахналаған қара шаңырақтағы бұл дүрбелеңнің соңы өнерге нұқсан келтірмесе болғаны.

М. Тоқтасынқызы