Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Елбасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдады

AstanaTV
22.01.2021ж. 20:00
2215
Елбасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдады

«Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдады. Кездесуде Елбасы «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр адамға лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын уақытылы жүзеге асыру қажеттігін айтты. Ал, министр 2020 жылы атқарылған жұмыстарды баяндады. Өнеркәсіп, көлік және құрылыс салаларындағы дамудың негізгі көрсеткіштері жөнінде мәлімет берілді. Бейбіт Атамқұловтың айтуынша, металургия өндірісі едәуір алға жылжыған. Машина жасау ісі 16,3% - ға, ал жеңіл өнеркәсіп 15 пайызға артқан.

Ғ.Өтемісов