Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Шымкенттіктер жұманың таңын жарықсыз атырды

AstanaTV
22.01.2021ж. 20:00
3686
Шымкенттіктер жұманың таңын жарықсыз атырды

Шымкентте күннің күрт суытқаны сол, ел жарықсыз қалды. Үшінші мегаполистегі 18 елді-мекеннің тұрғындарының жарықпен бірге, жылуы да өшті. Интернет байланысы да қиындады. Қыстың қақ ортасында неге мұндай қиындық туды, әлде шаһарда бұған дейін мұндай қар жаумаған ба? Әріптесім Айзада Төребекқызы себебін анықтап көрді.

Өткен тәулікте 18 градус жылы болған Шымкентте бүгін қар жауып тұр. Күн кәдімгідей аяз. Түнде басталған жауын соңы, ақ ұлпа қарға ұласқан. Қаланың бірқатар шағын аудандарында түннен бері жарық жоқ. Салдарынан электр энергиясына тәуелді талай мекеменің жұмысы тоқтап қалды. Бағдаршамдар да істен шыққан. Көшелерде кептеліс көбейді.

БЛИЦ:

 - Түнде жел болған кезде өшті свет. Содан әлі жоқ свет. Балалар бар, Үй суық. Печка істемейді свет болмағасын.

-  Әлі свет жоқ. Интернеті жоқ сабақ оқитын онлайн балаларға. Зарядтайтын сондай нелер.

-  Жел тұрса болды свет өшеді. Ол әдеттегі жұмысы оның. Несін айтатыны бар. –Түнде де өшті ма? - Түнде де өшті. Қазір де жоқ. Сәл жел тұрса болды осындай болады. Шымшық ұшып кетсе де өшіп қалатын кезі болады.

 
Коммуналдық қызметтегілердің жұмысы қауырт. Алайда үлгере алмай жатса керек. Автокөліктерден бөлек кептелістен қашқан қоғамдық көліктердің өзі әбірге түсті. Жол тайғақ. Тіпті жедел жәрдем көлігі де соқтығысып қалған. Ал энергетика басқармасының басшылығы, қала ішіндегі қиындыққа ауа райы себеп деді

Боранбай БОЛАТБЕКОВ, ШЫМКЕНТ қ. ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Бүгін жел қатты болды. Секундына 7 метр болды. Және де сулы қар жауып жатыр. Қаланың ортасында шам өшкен жоқ. Өшкен шамдар елдімекендерінде. Бүгінгі таңда 34 автомат өшті. Соның қазір міне қазіргі уақытта жаңа хабарлап отыр 19 -ын қосты іске, қалған 15-ін әрі қарай қосып жатыр.

Шенеунік көшедегі ағаштардың қарын түсіруге де адамдар жұмылдырылғанын қосты. Ал Қазгидромет мамандары мұндай суықтың болатынын бір апта бұрын болжап, алдын ала ескерткендерін айтады.
 
Арайлым МАХАНОВА, ИНЖЕНЕР-СИНОПТИК:
            
Солтүстік батыстан келген суық ауа массасының әсерінен ауа температурасы күрт төмендеді. Бұл бір апта алдын күтілген ауа райы. Таулы аудандарда қалың қар жауады. Жел жылдамдығы 15-20, кей жерлерде  таулы асуларда 30 метр секундқа дейін жылдамдығы байқалады.

Айта кетейін, аймақта республикалық және облыстық маңызы бар тас жолдар жабылды.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Синоптиктер Шымкент қаласы мен Түркістан облысы аумағында ертең де қар жауып, бір апта көлемінде қатты аяз сақталатынын ескертті. Мамандар жалпы ел аумағы бойынша қаңтардың 23-і мен 25-і аралығында қас қаһарына мінетінін болжап отыр. Солтүстік аймақтарда аяз күшейіп, 40 градусқа дейін температура төмендейтінін хабарлайды.
 
А. Төребекқызы