Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

«Jas Otan» жастар қанатына жаңа төраға сайланды

AstanaTV
22.01.2021ж. 20:00
2206
«Jas Otan» жастар қанатына жаңа төраға сайланды

«Jas Otan» жастар қанатына жаңа төраға болып, Нұржан Жетпісбаев бекітілді. Бұл жайында Орталық кеңес отырысында белгілі болды. Оның кандидатурасы "Nur Otan" партиясының лидері Нұрсұлтан Назарбаевпен келісілген. Нұржан Жетпісбаевтың бұл салада 10 жылдай тәжірибесі бар. Жастар қанатының Қарағанды облысындағы филиалын басқарған. Сол өңірде жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармада да біраз жыл еңбектенген. Ал бүгінгі күнге дейін Теміртау қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарыпты.

Сондай-ақ «Nur Otan» партиясының Қоғамдық саясат институтының директоры болып Мәдина Нұрғалиева тағайындалды. Ол бұған дейін Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Әлеуметтік зерттеулер бөлімінің басшысы болған. Біраз жыл Білім министрлігі Ғылым комитетінде қызмет етті. Жаңа басшылыққа Партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек бірқатар маңызды міндеттер қойды. Оның ішінде партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру жұмыстары қаншалықты сапалы жүргізіліп жатқанын бақылауда бар.

Ә. Өмірзақ