Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қазақстан коронавирустың "қызыл аймағына" кірді

AstanaTV
25.01.2021ж. 20:00
2193
Қазақстан коронавирустың "қызыл аймағына" кірді

Қазақстан әлем бойынша коронавирустың "қызыл аймағына" кірді. Індетті жұқтырудың қауіпті белдеуінде елдегі 8 өңір орналасқан. Атап айтар болсақ, олар Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, сондай-ақ Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстары.  Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен тәулікте 1500-ге жуық адамнан COVID-19 табылған. Кеселге шалдығу бойынша республиканың солтүстік аймақтары көш бастап тұр. Жалпы пандемия басталғалы вирус жұқтырғандардың саны 178 мыңнан асты. 2 мың 480 науқас көз жұмған.

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ:

Қазіргі таңда коронавирус инфекциясынан 27 мыңнан аса адам емделіп жатыр. Науқастардың арасында 311 адамның жағдайы ауыр, 43-інің өмірі қыл үстінді. Сондай-ақ, сырқаттардың 42-сі өкпені жасанды желдету құрылғысына қосылған.


Әлемде де жағдай оңалар емес. Күн санап сырқаттанушылар мен ауру құрбандарының саны да өскен. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, 370 мыңдай адамның коронавирусқа шалдыққанын хабарлады. Ресми сандық мәліметке қарасақ, COVID-19-дың ғаламшардың 100 миллионға тарта тұрғыны жұқтырған. Өлім дерегі: 2 миллион 100 мың.

А. Данияр