Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Ресейдегі жаппай ереуілде 3,5 мың адам тұтқындалды

AstanaTV
25.01.2021ж. 20:00
2229
Ресейдегі жаппай ереуілде 3,5 мың адам тұтқындалды

Ресейдегі жаппай ереуіл кезінде үш жарым мың адам тұтқындалды. Соған қарамастан толқулар басылар емес. Бұл қақтығыс ЕуроОдақ тарапынан жаңа санкцияларға әкелуі мүмкін. Ал Кремль сырттағы мемлекеттердің ішкі саясатқа араласпауын талап етіп отыр. Тақырыпты әріптесім жалғастырсын.

Басы сынған жігіттің бұл кадрлары желідегі миллиондаған халықтың назарына ілікті. Құқыққорғаушылар ереуілге шыққандарды аяп жатқан жоқ. Арнайы таяқпен ұрып, жасына, жынысына қарамастан ұстап әкетуде. Ұсталғандар негізінен 18 жастан бастап , 35 жасқа дейінгі аралықта екен.

БЛИЦ:

- Бірінші кезекте, өз мәселелерімізді шешкіміз келсе, адамдар пара алғысы келеді, есікті жабады, көмектескісі келмейді. Қиындыққа қарамастан елден кете алмаймыз, себебі жарқын болашаққы сенеміз.

- Навальныйға қатысты әділетсіздік танытты. Қорқынышты болса да, бұл бассыздық жалғаса беретіні алаңдатады.  


Еуропа Ресейдегі ереуілшілерді қолдады. Брюссель Ресей билігін жаңа санкциялармен қорқытты. Бүгінде Еуроодақ СІМ басшыларының кеңесі белгіленіп отыр. Дипломаттар талқылайтын көп нәрсе бар, әсіресе бірқатар елдер Ресейге қарсы қатаң шаралар қабылдауға дайын екендіктерін ескертті.

Жан-Ив Ле ДРИАН, ФРАНЦИЯНЫҢ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ:

Меніңше, азаматтардың құқығын осындай дәрежеде төмен санау шынымен шектен шыққандық.  Мен Ресейдегі көтерілісшілердің дегеніне жететініне сенемін. Қажет болса санкцияларды күшейтуге әзірміз.

Ал Кремль елдегі ахуалды арандатушылардың жасап жатқаны деп хабарлады. Ресей Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мұның бәрі пиғылы дұрыс емес адамдардың кезекті шабуылы деп бағалады.

Дмитрий ПЕСКОВ, РЕСЕЙ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Путин онда ештеңе істемеді, оның ешқандай да "сарайы" жоқ. Президентке әшкерелеу, жалған жала жабу және ақпараттық шабуылдар дайындалып жатқаны бізге бұрыннан белгілі. Сондықтан мұның бәрі өтірік.

Алексей Навальныйды қолдау акциялары елдің шамамен 125 қаласында өтті. Нәтижесінде наразылық білдірушілер арасында тұтқындалғандары бар. Ұсталғандардың саны шамамен 3,5 мың адамды құрайды. Оларға қатысты қылмыстық іс те қозғалған.

Ғ.Өтемісов