$488.45 €529.19 ₽5.04
×

Алматыда мемлекеттік бағдарламамен үй алған жұрт шу шығарды

AstanaTV
27.01.2021ж. 20:00
2336
Алматыда мемлекеттік бағдарламамен үй алған жұрт шу шығарды

Алматыда мемлекеттік бағдарлама бойынша баспанаға қол жеткізгендер де құрылыс сапасына шағымдануда.  Себебі, жылдар бойы зарығып жеткен үйлерінде құбыр жарылып, пәтерлерін су басып қалған. Төбелерінен де  тамшы сорғалай бастаған.

13-ші ықшамаудандағы көпқабатты үйлер тұрғындарға былтыр қазан айында пайдалануға беріліпті. Пәтер табалдырығын күзде аттап көлдей болған жұрттың көңілі қар жауа салқын тартқан. Өйткені қыс басталысымен мұндағы құбырлар жарылып, жұрт төбеден аққан суды сүртумен шаршаған. Терезелеріне мұз қатып, едендері көгерген.

Айгүл СЕРІКБАЕВА, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Отыз квартираның жоқ дегенінде онында су басып жатыр. Үйдің іші көк сасып жатыр. Терезелердің бәрі бұзылған істемейді. Жел соққан күні терезелер сықырып кетеді кәдімгідей. Кіргенімізге үш ай болды үш айдың ішінде ремонттан көзіміз ашылмай кетті.

Жазира ҚЫЗАЙБАЕВА, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Осы үйде гос арқылы алдым. 6 баламен, күміс алқа иесімін. Енді үш ай болмай жатып, поровое жарылып жатыр. 01/58 Жетпейді мен  65-ақ мың зарплата аламын, 65 мың зарплатам үйіме кете ма каждый раз сантехниктар келіп  каждый раз 1000 теңге сұрайды соған берем ба.

Кемінде бір айға 40 мың теңге несие төлеуді мойындарына алып, мемлекеттік бағдарлама бойынша баспаналы болғандардың көңілі жайланар емес. Мұндағы кейбір пәтерлер көгілдір отынсыз отыр.

Айбол БАЗАРБАЕВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Октябрден бастап әлі бізге газ берілген жоқ әлі. Зайстройщиктар объектілерім, қағаздарым бар, актарым өткізе алмай жатырмыз дейді. Олар қашан қосатыны белгісіз. Светке мен 3 жарым төлеймін айына, газ қосылса одан төмен шығады.

Тұрғындардың пәтер иелері кооперативіне де көңілі толмайды. ПИК басшылығы болса шағым негізсіз деп шаң жуытпады.

Серік ЗИЯБЕК, АЛМАТЫ қ. 13-ші ЫҚШАМАУДАНҒА ЖАУАПТЫ ПИК БАСШЫСЫ:

Тұрғындардың мәселесі шешіліп жатыр. Газ бойынша 2 мен 10-шы үйге ғана берілген жоқ. Отопление иә болып тұрады ондай жағдай, күнде болмайды. Осы 17-ші үйде 2-3 рет болды полдың астында жарылған отоплениелер, оны застройщиктер келіп жасап жатыр.

Қала әкімдігінің өкілдері де пәтерді қабылдап алғанда олқылықтар кездеспеді дейді.

Олжас ТӘЖІБАЕВ, АЛМАТЫ қ. ЖАЙЛЫ ҚАЛАЛЫҚ ОРТА БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

13-ші ықшамауданыдағы үйлерді қабылдаған кезде ондай ахуалдар болған жоқ. Қабылдап, комиссионный КСК мен әкімдік басқармадан қабылдап өткізіп берген болатынбыз.Су құбырларының жарылу мәселелері, оданда басқа сылақтар түсу мәселелрі болған жағдайда келісім-шартқа байлансты мердігер мекеме бүкіл жұмыстарды жасайды. Оны өзіміздің бақылауымызда болады.


Тұрғындар, әкімдіктің де пәтер иелері кооперативінің де сөзіне сенер емес. «Бос уәдеге тойдық», дейді жиналған жұрт. Халық енді, ел арасынан арыз жинап,  құзырлы орындарға жүгінбек.

Ә. Лесбек