$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Өткен жылы 3,5 мыңнан аса суицид жасалған, -Е.Саиров

AstanaTV
27.01.2021ж. 20:00
2143
Өткен жылы 3,5 мыңнан аса суицид жасалған, -Е.Саиров

Елде суицидке баратындар әлі де азаймай тұр. Өткен жылы 3,5 мыңнан аса суицид жасалған. Оның 144-і жасөспірім. Сонымен қатар, 5 мыңға жуық адам өз-өзіне қол жұмсауға талпынған. Бұл туралы мәжіліс депутаттары, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері Ерлан Саиыров, Жұлдыз Сүлейменова және Елнұр Бейсенбаевтың атынан Үкімет басшысына жолдаған депутаттық сауалда айтылған. Олардың пайымынша бұл мәселенің ушығып кетуіне Дәстүрлі жанұя институтының сырттан қысымға ұшырауы. Мәжілісмендер - Үкіметті - «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында көрсетілген «Бақытты отбасы» пунктіне назар аударуға шақырды. Онда азаматтардың өзінің ата-аналық миссиясын толыққанды орындауына жағдай жасау мақсатында, Еңбек кодексі баптарының нақты орындалуын қадағалауға шықарады. Сондай-ақ, әлеуметтік желіде жасөспірімдерді суицидке итермелейтін ақпаратты тежеудің ұтымды тетігін қалыптастырып, мектептерде де мұғалімдер ата-аналармен бірлесе жұмыс істеуіне жағдай жасалса,- дейді.

Ерлан САЙЫРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Азаматтарға кешенді психологиялық көмек көрсету тетігін жақсарту, сонымен бірге, ата-аналарға құқықтық, рухани, әдістемелік қолдау көрсететін «Жанұяны қолдау орталықтары» институтын құра отырып, ата-ананы қолдау тетіктерін қарастыру; Мемлекеттік қызметтегі, ірі кәсіпорындарда еңбек ететін ата-аналар кешкі 18.00-де жұмыста қалмауы қажет! Ата-аналардың бала тәрбиелеуге уақыты, жауапкершілігі және қауқары болуы тиіс!

А. Мүтәлі