$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Шымкентте 2025 жылға дейін 3 млн. шаршы метр тұрғын үй салынады

AstanaTV
01.02.2021ж. 20:00
2495
Шымкентте 2025 жылға дейін 3 млн. шаршы метр тұрғын үй салынады

Шымкентте 2025 жылға дейін 3 миллион шаршы метр тұрғын үй қолданысқа беріледі. Яғни 47 мың отбасы қоныс тойын тойлайтын күн жақын. Үшінші мегаполисте мектеп пен аурухана салу ісі де күн тәртібінде тұр. Халық үшін маңызды жоба «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында көрініс тапқан. Партия уәделерін орындауға кірісіп кеткен.

Халқының саны 1 миллионнан асатын Шымкентте баспана кезегінде тұрғындар өте көп. Ипотека арқылы алуға ниеттілерден бөлек кезегін күткендердің қарасы да аз емес. «Nur Otan» партиясы өзінің сайлауалды бағдарламасында осыған мән берген болатын.  

Бекайдар ТӨЛЕГЕНОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ қ. ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Бізде Шымкентте 685 ұсыныс түсті. Соның 98 пайызы біздің бағдарламада көрініс тапты. Оның ішінде айтып кетсек 47 мың пәтер соғылады биыл бес жылдықта. Соның ішінде 3 мыңға жуығы көпбалалы аналарға бөлінеді. 532 пәтер әлеуметтік әлсіз топтағы азаматтарға бөлінейін деп отыр және де бізде қалада 250 көпқабатты тұрғын үй жөндеуден өтеді. Оның 76-сы биыл басталайын деп отыр.


Бұл бастаманың игілігін жастар да көреді. Биыл оларға 900 пәтер сатып алынбақ. Былтыр басталған бұл жоба бойынша, жалпы 2700 жас баспаналы болмақ.

Қанат ҚАЙЫПБЕК, ШЫМКЕНТ қ. ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Биылғы жылдың өзіне бюджет есебінен 79 үйдің құрылысы жүргізіледі. Бұл мақсатқа қазіргі таңда 11,5 млрд ақша бөлінген. Бұдан бөлек 1-тоқсанда құнды қағаздарды шығару есебімен 11,6 млрд теңге қосымша қаржы бөлінеді. Сонымен қатар ЖСҚ әзірлерленіп жатқан 28 тұрғын үй бар. Осы үйлердің сараптама қорытындысын алып, 3 млрд қосымша қаржымен құрылысн бастаймыз деп отырмыз.


«Nur Otan» партиясының өкілі халықты таза ауыз сумен қамту, газ, свет, жол мәселесі де назарда екенін алға тартты. Сондай-ақ, халықты тұрақта жұмыспен қамту да жоспарлап қойған. 80 мың жаңа жұмыс орнын ашылмақ. Емхана мен аурухана құрылысы да жанданады. Өңірдегі партия төрағасының орынбасары Бекайдар Төлегенов, партия халыққа берілген уәдені орындауға кірісіп кеткенін жеткізді. Әр тиынның есебі, сұрауы болады деп қосты.

Бекайдар ТӨЛЕГЕНОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ қ. ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Бұл енді орындалу мәселесі міндетті түрде бізде мен фракция жетекшісі ретінде бақылауда ұстап отырам. Квартал сайын есеп беріп отырамыз. Бұл енді жәй сөз емес, халық Алла бұйыртса бізде ...прямой трансляция болады онлайн режим дейді ғой, сонда халық өзі көріп отырады біздің фракция қалай өтеді, қай қаражат қайда бөлініп жатқанын..


Шымкентте үш ауысымды мектеп мәселесі де таяуда шешіледі. Қазір төрт мектептің құрылысы жүріп жатыр. Олар алдағы тамызда қолданысқа беріледі. Одан бөлек тағы 8 мектептің құрылысын бастау  жоспарланып отыр.

А. Төребекқызы