Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Вакцина қабылдаған адамдарға 3 күн алкогольді ішімдік ішуге болмайды

AstanaTV
01.02.2021ж. 20:00
3430
Вакцина қабылдаған адамдарға 3 күн алкогольді ішімдік ішуге болмайды

Бұқараның 50 пайызы коронавирусқа қарсы екпе салдырса, халық қалыпты өмірге оралады. Елдің бас санитар дәрігері осыны айтты. Бүгін республика бойынша жаппай екпе салдыру науқаны басталды. Препаратты алғаш қабылдағандардың қатарында денсаулық сақтау министрінің қос орынбасары бар. Дәрігерлердің айтуынша, дәрілік зат 2 апта ішінде әсер етеді. Ал, Нұр-Сұлтан қаласының бас дәрігері Тимур Мұратов коронавирусқа қарсы вакцина алғандарға алкогольді ішімдік ішуге болмайтынын ескертеді. Екпенің жағымсыз әсерлері бар ма? Вакцина салдырған азамат ауырып қалса, кім мойнына алады? Сұрақтарға әріптесім Асылбек Данияр жауап іздеп көрді.

Асылбек ДАНИЯР, ТІЛШІ:

Бұл Ресей ғалымдары ойлап тапқан коронавирусқа қарсы "Sputnik V" деп аталатын екпе. Қазақстанға 20 мың данасы әкелінді. Жалпы, бұның сақталу режиміде ерекше, оны арнайы мұздатқышта -18 градуста сақтайтын болады. Айта кететін жайт, екпенің бір флаконы 5 адам егуге жетеді.


Қазақстан коронавирус инфекциясына қарсы тағы бір вакцина сатып алуы мүмкін. Ол америкалық "Pfizer" вакцинасы. Денсаулық сақтау министрінің орынбасары қазіргі таңда келіссөздің басталғанын жеткізді. Өзі болса, бас санитарлық дәрігермен бірге басқа вакциналарды күтпей, ресейлік дәріні қабылдады. Қос шенеунік алдымен медициналық тексеруден өтіп, екпені БАҚ өкілдерінің көзінше салдырды. Әзірге жағымсыз реакция болмады, дейді. Дәрілік препараттың алғашқы дозасын қабылдағандарға 3 аптадан соң екінші кезеңі тағайындалмақ. Айта кету керек, қазір дәрі тек алғы шептегі дәрігерлерге ерікті түрде, тегін салынып жатыр. Жалпы бір вакцинаны Ресейден 26 АҚШ долларына сатып алыпты.  

Ажар ҒИНИЯТ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Үкімет қазіргі Ресейден келген вакцинаның біреуін 10 мыңдай теңгеге сатып алып отыр халық үшін. Өзіміздің вакцина болғандықтан оның бағасы шамамен екі мыңдай болады.


Вакцина салдырған адамдарда алғашында инъекция жасалаған жері ауырып, қызаруы мүмкін. Дәрігерлер, кейбіреулерде дене қызу көтеріліп, әлсіздік болатынын да ескертті. Егер денсаулық жағдайы қиындап кетсе, науқас тегін ем қабылдай алады. Сонымен бірге, препарат жүкті, емізулі әйелдер, дәрігердің есебінде тұрған сырқаттар, COVID-19-бен ауырып жатқандар мен олармен байланыста болған адамдардың қабылдауына рұқсат етілмейді.

Тимур МҰРАТОВ, НҰР-СҰЛТАН қ. ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Вакцина алған науқасқа түсіндіріп айтып, қолына жазып береміз: үш күннің ішінде алкогольдік сусындар ішуге болмайды. Оған қоса ыстық жерге, парға буға түсуге болмайды. Сондай-ақ суық тигізуге болмайды деп.

Медицина саласында 25 жылдан бері жұмыс істейтін Маржан Сәрсенова коронавирусқа қарсы вакцина салыдыруды жөн көрген. Елордадағы №5 қалалық емханада қызмет жасайтын медбике пандемия кезінде алғы шепте жүрді. Ол екпе қабылдау арқылы індеттен тез құтылуға болатынына сенімді. Вакцинадан қорқыныш жоқ, сондықтан бірден келіскенін айтады. Оған себеп те бар.

Маржан СӘРСЕНОВА, МЕДБИКЕ:

Жазда коронавирус болғанда мен жұмыс істедім. Қаншама адамның қиналғанын көрдім, қаншасы қайтыс болды. Соның бәрін көрдем. Мен ойлаймын әр медицина қызметкері өзінің санасында болуы керек. Бірінші алдыңғы қатарда біз тұрамыз. Тура әскерилер секілді, біз оны қабылдауымыз тиіс. Біз одан қорықпауымыз керек.

Денсаулық сақтау министрі жылдың соңына дейін 6 миллион адамға вакцина жасауды жоспарлап отырғанын айтып еді. Екпе салдырған әр адамға электоронды медциналық құжатта қарастырылған. Дәрігерлер препараттың әсері 6 айдан бір жылға дейін жарайтынын жеткізді. Сонымен бірге, бас санитарлық дәрігер халықтың 50 пайызына екпе егілсе, қалыпты өмірге орталуға болатынын айтып отыр.

А. Данияр