Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Түркістандық кәсіпкерлер карантин талаптарын жеңілдетуді сұрап жүр

AstanaTV
01.02.2021ж. 20:00
2142
Түркістандық кәсіпкерлер карантин талаптарын жеңілдетуді сұрап жүр

Түркістандық кәсіпкерлер карантин талаптарын жеңілдетуді сұрайды. Аймақтың «Жасыл аймақта» екенін алға тартқан бизнес өкілдері әсіресе сенбі-жексенбі күндері жұмыс істеуге мүмкіндік беруді талап етті. Базарда сауда істейтіндер өзге бес күнмен салыстырғанда демалыс күндері сауда- саттықтың қыза түсетінін негіз қылуда. Саудагерлер табыстың аздығынан орынды жалға алу ақысы мен несие төлеудің қиындап бара жатқанын айтады. Айта кетейін, Түркістан қаласындағы орталық базар маңында үш мыңға тарта адам сауда жасайды. Олардың айтуынша тұрақты табыс 40 пайызға дейін азайып кеткен. Осының салдарынан  жұмысшыларды қысқартуға мәжбүрміз дейді.

Дана ИСАЕВА, КӘСІПКЕР:
 
Сенбі, жексенбі күні жұмыс жасағанымыз кәсіпкерлерге сәл болса көмек болатын еді. Өйткені бәріміздің басымызда несиелеріміз бар. Басқа той томалақ та болып жатқан жоқ. Сондықтан бізге тек қана бізге жұмыс істейтін азаматтар кеп киім алады.  

Бекзат ХАБИБОВ, КӘСІПКЕР:
 
Біздің бүгінгі күні арендамыз бар, светіміз бар. Одан қалса сонша жұмысшы бала- шағасын асырап отыр. Олардың бәрін ертеңгі күні қысқартуымызға тура келеді ол жұмысшының бәрін. Оларға қалай түсіндіреміз бұл мәселені.

Кәсіпкерлік палатасының өкілдері де оларды қолдайды. Олар шектеулерді алып тастау туралы облыс әкімі мен аймақтың бас санитар дәрігерінің атына ұсыныс хат жолдағандарын жеткізді. Палатаның дерегінше өңірдегі 143 мыңнан аса кәсіпкер тығырыққа тірелуі мүмкін. Алайда санэпидемиологтар соңғы айда аймақтағы  аурушаңдық үш есеге өскенін, алға тартып,  босаңсуға ерте деді.

Нұрбек НЫШАНОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БАС САНИТАР ДӘРІГЕРІ:

Тамақтану орындарында әлеуметтік қашықтық сақталмайды, бетперделік режим сақталмайды. Адамдар көп шоғырланады. Той жиындар да тоқтап жатқан жоқ қазіргі таңға. Сондықтан біздің облыс жасыл аймақта болғанымен босаңсуға болмайды.


А. Төребекқызы