Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Оралда шетелден әкелінген көліктерге 48 миллион теңге айыппұл салынған

AstanaTV
01.02.2021ж. 20:00
2416
Оралда шетелден әкелінген көліктерге 48 миллион теңге айыппұл салынған

Оралда жол қозғалысы ережесін бұзған шетелдік нөмір таққан көліктерге салынған айыппұл 48 миллион теңгеден асқан. Бірақ оны өндіріп алу оңай болмай тұр. Өйткені бұл көліктердің дені еш жерде тіркелмеген. Сондықтан иесін де табу қиын. Енді заң бұзған жүргізушілерді іздеп табу үшін оралдық полиция күн сайын рейд ұйымдастыруда.

Жаздым-жаңылдым дегендер кінәлі екенін білмейтінін айтып ақталады. Бірақ заң бәріне ортақ. 15 рет ереже бұзған бұл жүргізуші 195 мың теңге айыппұлын бірден төледі. Әйтпесе көлігі айыптұраққа жөнелтілер еді.

Манарбек КУШАЛИЕВ, КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІ:


Ресейлік машина бізге ыңғайлы, өйткені ресейлік машина біріншіден арзан және күйі жақсы. Сосын халықтың көбі соны алып жатқаны. Әкеліп сатып жатыр ғой енді. Енді мені кеше тоқтатқанның өзінде тең жартысы бұрылып қашып кетіп жатқаны бар, біреулері соны естіп бір-бірінен машинаны қайтып қойып жатқандары бар, ертең жақсы күндері айдап шығарамыз деп. Российский машинаны тәртіпке келтіру керек бәрін де.


Полицияның дерегінше, Ресейден әкелінген көліктер бізде тіркелмейді. Әрі Ресей азаматтарында Қазақстандағыдай жеке сәйкестендіру нөмірі жоқ екенін алға тартты. Ал кейбір жүргізушілер бүкіл дерегі көрсетілер сақтандыру полисін алуға ақшасын қимайды деп отыр. Осының кесірінен заң бұзғандарға айыппұл салу оңай болмай тұрғанын мойындайды.

Эльдар ХАМИТОВ,  БҚО ПД ЖОЛ-ПАТРУЛЬДІК ҚЫЗМЕТІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ:

Мұндай автомашиналар еш жерде тіркелмеген. Әрі сақтандыру полисі болмаса, қазіргі иесінің кім екендігін де анықтау қиын. Сондықтан осындай рейдтерді жиі ұйымдастырамыз. Күніне 20-30 машинаны анықтаймыз.

Жол сақшылардың айтуынша, желөкпе жүргізушілер көбінесе жылдамдықты асырып, жол белгілерін ескермейді екен. Енді айыппұл төлемей, заңға бағынбағандардың көлігі ештемеге қарамастан айыптұраққа қамалатыны ескертті.

Еркін КАРИН, ТІЛШІ:

Былтыр бір ғана Ресей Федерациясынан әкелінген көліктерге 48 миллион теңгеге айыппұл салыныпты. Бүгінде соның 32 миллионы өндірілген. Қалған көліктер көлік иелері әлі іздестіріліп жатыр.

Е. Карин