Батыс Қазақстан облысын электр жарығымен қамтуға бөлінген, жарты миллиард теңге жымқырылған. Қаржылық мониторинг агенттігі, қомақты қаражат «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған жаңа ауданға бөлінгенін айтады. 540 миллион теңгеге жуық бюджет ақшасы Орал қаласының маңынан салынуы тиіс елді-мекенді жоспарлау жобасына арналыпты. Тергеу амалдарының басталғанын алға тосқан жергілікті әкімдік бұған қатысты тіс жармады. Ал, құзырлылар өзге ақпараттарды жариялаудан бас тартты.
Айнагүл МҰТАШЕВА, БҚО ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕУЛЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ:
Департамент бұл қаражаттың БҚО, Орал қаласындағы тұрғын үй аймағына егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын электр қуатымен қамтамасыз ету нысанына салынғандығын анықталды. Тергеу мүддесіне орай, басқа ақпарат жария етуге жатпайды.
Е. Карин