Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Банк филиалынан 86 мың еуро жымқырған экс-басшы сотталды

AstanaTV
09.02.2021ж. 20:00
1842
Банк филиалынан 86 мың еуро жымқырған экс-басшы сотталды

Қостанай облысында қомақты қаражатты жымқырған банкирге қатысты үкім шықты. Экс-басшы жеті жарым жылға бас бостандығынан айрылды. Еуразиялық банктің бөлімшесінің бұрынғы басшысына: «Сеніп тапсырған мүлікті аса ірі мөлшерде иемдену немесе ысырап ету» бабы бойынша айып тағылды. Сотталушы Мырзабай Шалбаев 2019 жылы қыркүйек пен қараша айының аралығында 32 миллион теңгеден астам қаражатты өз есеп шотына аударған. Кейін кассадан 205 мың еуро жымқырған. Ертеңінде қомақты қаражатты арқалап Қазақстан аумағынан қашып кеткен.

Зәуре ЕДИКОВА, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:


Сот оның кінәсін толық мойындағанын және бұрын сотталмағанын ескерді. Алайда келтірілген залалдың орны толтырылған жоқ. Осыған байланысты оған 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орта мекемесінде  өтейді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.


Еске салайық қашқын банкир Ресей аумағында ұсталып, елге қайтарылған еді. Ұстау барысында күдіктіден 136 мың 500 еуро мен 34 мың теңге тәркіленген. Сот "Еуразиялық Банк "үлесіне тағы 41 миллион теңгеден астам қаражат өндіруге үкім шығарды.

З. Санай