Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Коронавирустың қайдан пайда болғаны анықталды

AstanaTV
10.02.2021ж. 20:00
17178
Коронавирустың қайдан пайда болғаны анықталды

Коронавирус адамдарға жануардан жұғуы мүмкін. Қытайдың Ухань қаласына індеттің шығу тегін анықтауға барған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары осындай болжам айтты. Олар инфекцияны «қолдан жасады» деген нұсқаны қолдамайды. Қауіпті дерттің мутацияланған түрі әлемнің көптеген еліне тарап үлгерген. Бұл вакцинацияның күшін жоюы ықтимал дегенде пікір бар. Тақырыпты әріптесім Асылбек Данияр толықтырады.

Ухань коронавирустың негізгі ошағы. Ең алғашқы індет жұқтыру дерегі осында тіркелген. Қазір қала тұрғындары қалыпты өміріне оралуда. Тіпті, соңғы уақытты COVID-19-дың жаңа жағдайы тіркелмеген. Сондықтан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары, аталған мегаполиске барып, коронавирустың қалай пайда болғанын анықтауды ұйғарған. Дегенмен, сенсациялық жаңалық жоқ. Зертеушілер: кесел жануардан адамға жұқты және зертханадан шыққан деген екі нұсқаны ұсынды.

Питер БЕН ЭМБАРЕК, ДДҰ МИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Вирусты табиғи жолмен тарататын иесі болуы мүмкін. Бірақ Ухань жарқанаттардың көп жиналатын жері емес, сондықтан ол нұсқаны мақұлдай алмаймыз. Бірақ бұл басқа да жануарлардың әсерінен болуы мүмкін.

Бұған дейін  АҚШ-тың экс-президенті инфекция «зертханадан» шыққан деген еді. Ол бұны сенімді түрде айтты. Десе де ғалымдар бұл пікірді екіталай деп есептейді.

Питер БЕН ЭМБАРЕК, ДДҰ МИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Уханьдағы зертханаларды араладық . Ол жерден вирус шығып кетуі мүмкін емес. Сондықтан, бұл орын қосымша тексерісті қажет етпейді.

Дегенмен қазір коронавирустың жаңа мутациясы тарап жатқан елдер қатары көбейіп келеді. Халықаралық ұйымның ақпараты бойынша тиісті қабылданған шараларға қарамастан «британдық» штамм 86 елде, коронавирустың «оңтүстік африкалық» формасы 44 елде, ал «бразилиялық-жапондық» түрі 15 елде тіркелген. Бұл қорқынышты болмауы мүмкін, дейді мамандар. Ұлыбритания билігі инфекцияның жаңа штаммы таралмау үшін барлық шараны қолға алмақ. Мәселен, бұл ел 33 штатқа кіруіге тыйым салды. Ережені бұзғандар түрмеге түседі.
 
Мэтт ХАНКОК, ҰЛЫБРИТАНИЯНЫҢ  ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:


Басқа мемлекеттерден келген азаматтарымыз өздерінің қауіпті елдерде  болғанын жасырып келген. Олар тиісті жазасын алды. Туристер он жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

COVID-19-дың  «британдық» штаммы көптеп тіркелген елдердің бірі - Франция. Наурызда мұнда індеттің жаңа толқын болады деп күтілуде. Алайда, қауіптің барын білсе де елдегі бір қаланың мэрі мұражайларды ашуға рұқсат берді. Енді аймақ басшысы сотта өзінің идеясының халыққа қауіп төндірмейтінін дәлелдеуі керек болады.


Женевьев, ЗЕЙНЕТКЕР


Мұражайлардың ашылуы бізге таза ауаны жұтқанмен тең. Бұл істің тек Перпиньянда ғана емес бүкіл Францияда жалғасқанын қалаймын. Мұражайлардың, концерт залдарының ашық болғанын қалаймын. Бұл өте маңызды.

ЛУИС ПЕРПИНЬЯН,  ҚАЛАСЫНЫҢ  МЭРІ:


Мұражайлар - бұл біздің негізгі орындарымыз болғандықтан ашық болуы маңызды. Болашақта біз бәрібір вируспен өмір сүруге мәжбүр боламыз, сондықтан үнемі одан оқшауланудың қажеті жоқ.

Францияда коронавирустан  80 мыңға жуық адам қайтыс болды. Билік эпидемияны бақылаудан шығарып аламыз деп қауіптенуде. Өйткені бұл елде вакцинацияланған халық  тым аз. Жалпы әлемдегі жағдайға келсек, дертке шалдыққандар 107 миллионнан асты. Пандемия мен шектеу шаралары көптеген елдердің экономикасына ауыр соққы берді.

А. Данияр