$498.34 €519.72 ₽4.85
×

9-сыныпта оқып жүрген оқушы жүкті болып қалған

AstanaTV
10.02.2021ж. 20:00
2557
9-сыныпта оқып жүрген оқушы жүкті болып қалған

Шымкентте мектеп оқушысы жүкті болып қалған. Бұл ақпаратты қалалық білім басқармасы өкілдері растады.

Шаһардың бас ұстазы Жанат Тәжиеваның білуінше, бұл жағдай өткен жылы қазан айында анықталыпты. Бұл уақытта балалар сабақты жаппай қашықтықтан оқып жүрген. 9-шы сынып оқушысының ынтасы төмендеп, көңіл-күйі түсіп жүргенін ұстаздары байқап, психологиялық жұмыс жүргізілген екен. Нәтижесінде күдіктері расқа айналған.

Жанат ТӘЖИЕВА, ШЫМКЕНТ қ. БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Анықталғаннан кейін білім ұйымы арнайы ата-анасын хабарлап, ата-анасымен бірге дәрігерге апарып, бұл жағдайды анықтап отыр. Расталып тұр ғой?-анықталған деп отыр. Бүгінгі күні бұл дәрігерлердің қадағалауында. Сонымен қатар бұл оқиғаның қалай орын алғаны құзырлы органдардың тарапынан тергеу амалдары жүргізілуде.

16 жастағы оқушының кімнен және қашан аяғы ауыр болып қалғанын тиісті орындар анықтайтын болады. Жанат Арысбекқызы қазір бұл іспен полиция айналып жатқанын жеткізді. Қазір аяғы ауыр оқушыға психологиялық көмектер көрсетіліп жатыр деді. Сондай-ақ жағдайды ескере келе сабағын үйде оқыту құжаттары рәсімделген.

А. Төребекқызы