Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қашықтан жұмыс істеу процесі заңдастырылмақ- Мәжіліс

AstanaTV
10.02.2021ж. 20:00
1622
Қашықтан жұмыс істеу процесі заңдастырылмақ- Мәжіліс

Қашықтан жұмыс істеуді жетілдіру қажет. Бүгін Мәжіліс депутаттары «Еңбек кодексіне» өзгерістер мен толықтырулар енгізу тетіктерін талқылады. Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Жәмилә Нұрманбетова заң жобасы қабылданса, елдегі ахуал жақсара түсетіне сенімді. Бастаманы өзге депутаттар да қос қолдап қолдады. Ал, бұған қарапайым жұмысшылардың пікірі қандай? Сарапшы мамандар не дейді? Тараптарды әріптесім Ғалымжан Өтемісов тыңдап көрді.  

Соңғы 5 жылда жұмыс берушілер өздеріне қашықтан жұмыс істейтін қызметкерлерді іздестіріп жүр.  Мұндай ақпаратты "Elite" кадрлық холдингінің сараптамалық орталығы келтірген. Айтса айтқандай-ақ пандемия кезінде көп кәсіпорын жұмысын онлайн істеуіне тура келді. Сарапшылар бұл үдеріс қызметкердің жұмысын бағалаудағы заманауи әдістердің пайда болуына әкелді деп отыр.

Бауыржан ЫСҚАҚОВ, САРАПШЫ:

Жұмыскерлер үшін де бұл тиімді. Мәселен, үйінде отырып басқа мемлекеттер Нью Йоркта немесе Мәскеудегі компанияларға да жұмыс істей алады.
 
Халық пікірі де екіге бөлінді. Бірі сарапшы пікірімен келіседі. Алайда оны қолдамайтындары да бар. Қашықтан жұмыс істеу жеке компаниялар мен ірі холдингтерге пайдасы көп-, дейді кейбірі. Ал енді тағы бір топ азаматтар, мемлекеттік қызметкерлерге мұның зияны ұшан-теңіз екенін айтады. Тіпті, отбасындағы тәрбиеге кері әсер етеді дегендер де бар.
 
БЛИЦ:

- Үйде кәдімгідей үйде жүру керек. Ешқайда шықпай істеген ыңғайсыз деп ойлаймын.

- Коэфицент полезности деген болады ғой, егер жұмыс беруші қойған талапты орындаса неге болмасқа?

- Бір жақсысы офис, немесе тағы басқа артық шығындарды азайтуға болады. Бұл жақсы жағы, дегенмен бізге әлі біраз алға жылжу керек қашықтан жұмыс істеуге дағдылану үшін.


Иә, үйде отырып жұмыс істеудің артықшылығы мен кемшін тұстары жоқ емес. Бірақ, мұның білім процесіне де зияны жоғары. Мектеп ұстаздары осындай пікірде. Десе де, мәжілісмендер үрдісті заңдастыруға асығып отыр. «Еңбек кодексіне» жаңашылдықты енгізуге кірісіп те кеткен.

Жәмилә НҰРМАНБЕТОВА ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "NUR OTAN" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Қазіргі кезде қызметкерлерді қашықтан жұмыс істеуге ауыстыру тәжірибесі еңбек заңнамасын жетілдіру қажеттілігін көрсетті. Осыған байланысты заң жобасы қашықтан жұмыс істеуге байланысты еңбек қатынастарын реттеуді көздейді.

Депутаттың айтуынша, жаңа заң жобасында уақытша және аралас жұмыс, жұмыс кестесін, жұмыс уақытын, қызметкер мен жұмыс берушінің жауапкершілігін белгілеу сияқты өзгертулерді енгізу көзделіп отыр.

Ғ.Өтемісов