Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

10 сотық жерінен айрылып қалған алматылық жеке компания өкілдері өзге жер берілуін сұрайды

AstanaTV
12.09.2017ж. 20:00
1759
10 сотық жерінен айрылып қалған алматылық жеке компания өкілдері өзге жер берілуін сұрайды

Өздеріне тиесілі 10 сотық жерінен айрылып қалған алматылық жеке компания өкілдері өзге жер берілуін сұрайды. Олар 2010 жылы жанармай бекетін салмақшы болған жер телімі Алматы-Екатеринбург жолы құрылысының жоспарына енгізілген көрінеді. Серіктестік заңгерінің айтуынша, ол аумаққа  айналма жол салыныпты. 7 жылдан бері жалғасқан мәселе әлі күнге шешімін таппай отыр. Кәсіпкерлер, 37 млн теңгеге бағаланған жеріміздің орнына басқа жер телімі берілсін немесе өтемақы төленсін, дейді.

Гүлнұр Осачия, ЖШС заңгері:

Қала әкімінің жеке қабылдауында болдық. Жер қатынастары, архитектура бөліміне де бардық. Осы жылдар аралығында ешбір нәтижеге қол жеткізе алмай шаршадық.

Бүгін мәселе Астана қалалық Кәсіпкерлер құқығын қорғау кеңесінде талқыланды. Жиынға келген автокөлік жолдары комитетінің өкілдері мен өзге де құзырлы мемлекеттік орган қызметкерлері кәсіпкерлердің өтініміне нақты жауап айтпады. Енді кеңестің шешімімен аталған жер мәселесі бойынша мемлекеттік органдарға хат жолданады.