Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Адвокаттар мен нотариустер айлық табысын жасыра ма?

AstanaTV
12.09.2017ж. 20:00
4219
Адвокаттар мен нотариустер айлық табысын жасыра ма?

Адвокаттар мен нотариустер ай сайын орташа айлық көрсеткіштен он еседей артық табыс табады. Бірақ бұл ашық бухгалтерлік есепте көрсетілмейді де, салық төлегенде төмен мөлшерлеме қойылады. Сондықтан жүйені қатаң бақылауға алып, өзгерту керек. Экономист-сарапшы Айдар Әлібаев осындай пікірде. Сарапшының сөзінше, аталған сала өкілдері адамдарға құқықтық қызмет көрсетуде қомақты қаржы алады.

Айдар Әлібаев, экономист:

Менің ойымша, олардың табысының жартысынан көбі көлеңкеде қалып жатыр. Адвокаттардың да, нотариустердің де айлық табысы қарапайым қазақстандықтан әлдеқайда көп. Орта есеппен еңбекақы 400-500 доллар деп есептесек, олар бұл көрсеткіштен кемі 10 есе артық табады. Сондықтан бұл мәселені бақылауға алып, бухгалтерлік есепті ашық жүргізу жүйесін енгізген жөн.

Сарапшы пікірі адвокаттар мен нотариустердің салық қарызына байланысты туындап отыр. Алматы қалалық мемлекеттік кірістер департаменті, осы сала өкілдерінің бюджетке 13 миллион теңгедей берешек екенін мәлімдеген. Оның 5,8 миллионы салық қарызы, өзгесі - міндетті төлемақының өсімі. Қаладағы 277 заңды тұлғаның 146-сы адвокаттар, 131-і жеке нотариустер. Салық қарызының басым бөлігі, яғни 5 миллионы, дәл осы нотариустерге тиесілі екен.

Заңғар Шындәлі, Алматы қаласы мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы:

Хабарлама жібереміз. Хабарламаға жауап бермесе, есепшотын жабамыз. Одан ары ақша төленбесе берілген мерзім аралығында, инкасраспоряжение деген бар, соны қоямыз. Одан ақша алынады. Ары қарай, қандай мүлігі бар, бәрін жазып алып, содан кейін ғана сотқа жібереміз.