Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қоғамды дүрліктірген Сәтбаевтағы оқиғаға ерлі-зайыпты айыпталуда

AstanaTV
12.02.2021ж. 20:00
3988
Қоғамды дүрліктірген Сәтбаевтағы оқиғаға ерлі-зайыпты айыпталуда

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының ерлі-зайыпты тұрғынына, 5 жастағы қызды ұрлау мен зорлау дерегі бойынша айып тағылды. Қоғамды дүрліктірген қылмыстық іс, сотқа жолданыпты. Бұл туралы Қарағанды облысының прокуратурасы хабар таратты. Прокуратура қаніпезер азғындық жасаған күні, ереуілге шыққан 57 адамға да іс қозғалғанын айтады. Оның 44-і абақтыға тоғытылса, 5-еуі үйқамақта отыр. Басым бөлігі ересек ер адамдар. Ал, қалғандары қолхатпен босатылыпты. Сонымен бірге жаппай тәртіпсіздікке қатысқан 16 және 17 жастағы жасөспірімдерің ісі де, сотта қаралуда, - деді.

Нұрсұлтан ҚАЛДЫРБАЙ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Кәмелеттік жасқа толмағанды ұрлау және зорлау дерегі бойынша қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталып 16 қараша 2020 жылы қарау үшін сотқа жолданды. Аталған қылмыстық іс бойынша екі күдікті өтуде.

Естеріңізге сала кетейік, Сәтбаевтағы тәртіпсіздік өткен жылы 24-ші шілдеде болған еді. Аулада ойнап жүрген бүлдіршін жоғалып, артынша көпқабатты үйдің пәтерінен табылды. Сол кезде тұрғындар қаскөйді өздері жазалаулы талап етіп, баспананың кіреберісін басып алған болатын. Күдікті 62 жастағы пәтер иесі ұсталған. Бірақ ол ұзақ өмір сүрмеді. Уақытша ұстау изоляторына жабылған азамат, жұмбақ жағдайда қайтыс болды. Ол жайында қылмыстық-атқару комитеті егжей-тегжейлі ақпарат бермеді.

А. Данияр