Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Шымкенттегі ірі мейрамханада болған қанды қылмыс бойынша сот басталды

AstanaTV
12.02.2021ж. 20:00
2636
Шымкенттегі ірі мейрамханада болған қанды қылмыс бойынша сот басталды

Шымкентте мейрамханада болған қанды оқиғаға қатысты сот отырысы басталды. Қылмыс былтыр тамызда болған, сол кезде бір адам көз жұмып, тағы бір адам ауыр жарақат алған еді. Іс алқа билердің қатысуымен өтуде. Айыпталушы орындығында төрт адам отыр. Оның үшеуі «Адам өлтірді» деген күдікпен ұсталған. Уақытша ұстау абақтысында отырғандар процеске онлайн қатысты. Ал бір айыпталушы бұлтартпау шарасымен бостандықта. Мемлекеттік айыптаушы Айдос Лебаев, оған «өзін өзі өлтіруге дейін жеткізу және әлеуметтік желіде жалған ақпарат тарату» бабымен жауапқа тартылып жатқанын жеткізді. Бүгін оқиға куәгері тыңдалды. 30 жастағы келіншек оқ тиген жәбірленушінің әйелі екенін айтты. Азаматшаның сөзінше, күйеуімен бірге мейрамаханаға барған. Қайтуға ыңғайланған кезде бейтананыс адамдардың жолдасына жылыұшырай амандасқанын еске түсірді. Кейін әжетханаға шығып кеткенін айтты.

КУӘГЕР:

Әжетханаға барып 3-4 минуттан соң қайта келгенім сол, бізді ішке жібермеді. Іште әкімші қыздар ма екен бір әйел адамның жылаған даусын естідім. Мен біреу ауырып қалды ма деп ойладым. Не болды деп сұраған едім: жібермеңдер, жоғары көтерілмесін» деп айтты деді. Бар білетінім сол.

     
Еске салайық, былтыр 10-шы тамыз күні түсауа ірі мейрамхананың бірінде атылған оқтан бір адам көз жұмып, тағы біреуі ауыр жараланған еді. Бейресми ақпарат көздері сол кезде бұл оқиға қылмыс серкелерінің арасында болғанын таратқан. Алайда полиция оқ бұрыннан таныс, жақын достар арасында атылды деген-тін. Бүгін белгілі болғанындай жәбірленуші аман қалғанымен, әлі құлан таза жазыла қоймаған. Ауруханада, әлі ем қабылдап жатыр. Айта кетейін, бұл іске қатысы бар тағы бір адам әлі күнге іздестірілуде.

А. Төребекқызы