$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ақтөбеде «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асырудың "Жол картасы" талқыланды

AstanaTV
12.02.2021ж. 20:00
1721
Ақтөбеде «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асырудың "Жол картасы" талқыланды

Ақтөбеде «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асырудың "Жол картасын" нұротандық депутаттар облыстық мәслихаттағы фракция отырысында талқыланды. Жиынға қатысқан аймақ әкімі Оңдасын Оразалин, алдағы 5 жылға арналған жобада, тұрғындарды алаңдатқан мәселелер түгел қамтылғанын атап өтті. Әсіресе, қоршаған ортаға қауіпті мұнай қалдықтарын қайта өңдейтін зауыт салу, сүт шығаратын ферма ашу, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт кешені - аймақтағы елдің тұрмыс жағдайын жақсартуға сеп болады деп отыр. Фракция мүшесі Бақыт Жаншаев болса, "Праймериз және үгіт-насихат науқаны кезінде шалғай ауылдардағы ағайынның да ұсыныс-тілектері жол картасына енгізілгенін жеткізді.

Берік КӨЗДІҒАРИН, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, "NUR OTAN" ФРАКЦИЯСЫ МҮШЕСІ:


Сол кездегі Праймериздегі, сайлауалды бағдарламамыздың ішіндегі нақты-нақты жұмыстарымызды қолға алып, бүкіл мынау «Nur Otan» партиясының атынан сайланған фракцияның депутаттарына жүктеліп, жұмыстарын бастауға, жиыны өтіп мінекей сол нақтылап шешіліп жатыр.


Жиынға қатысқандар жобаға қатысты ұсыныстарын айтып, құжат жан-жақты пысықталды. Жол картасы енді партия филиалының саяси кеңесі бюросында бекітілмек. Нұротандықтар барлық сайлауалды уәделерінің орындалуына жүйелі бақылауды қамтамасыз етуге білек сыбана кіріспек. Айта кету керек, праймериз және үгіт-насихат жұмыстары барынсында тұрғындардан жиналған 1 мыңнан астам ұсыныстың 82 пайызы аймақтың "Жол картасына" енген.

Б. Надирқызы