Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Павлодарлық тұрғын ақмолалықтарды алдап кетті

AstanaTV
15.02.2021ж. 20:00
1359
Павлодарлық тұрғын ақмолалықтарды алдап кетті

Павлодарлық тұтқын, ақмолалықтардан ақша бопсалаған. 30 жастағы алаяқтың әрекетінен Ақмола облысының жеті тұрғыны зардап шеккен. Мұны облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алайда Павлодардағы Қылмыстық атқару жүйесінің аймақтық департаменті бұл оқиғаның түрмеде жасалды дегенін жоққа шығарды. Мамандар оған әлі үкім шықпағанын айтты.

Гүлжан АБДУҒАЛИЕВА, ҚЫЛМЫСТЫҚ АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Аталған күдікті 2020 жылдың 11-желтоқсанда ұсталды. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша іс қозғалған. Жас жігіт бұдан бұрын да осындай қылмыстармен істі болыпты. Ал бұл қылмысты ол ұсталғанға дейін жасаған.  Қамауда болған кезі мен қылмыс жасалған уақыты сәйкес келмейді. Сондықтан, бостандықта болған кезде жасалуы мүмкін.

Айта кетейік, павлодардлық Көкшетеу қаласынан пәтер жалға беремін деп тұрғындардан алдын ала ақша алған. Жалпы шығын көлемі 300 мың теңгені құрайды. Өткен жылы полицияға осы аймақтың тұрғындарынан белгісіз біреудің ақшаларын қолды қылғаны туралы шағым түскен. Күдіктіні іздеген тәртіп сақшылары оның Павлодар қаласының тұрғыны екенін анықтады.

Ө. Қуанар