Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Атырауда полиция қызметкері есірткімен ұсталды

AstanaTV
15.02.2021ж. 20:00
2063
Атырауда полиция қызметкері есірткімен ұсталды

Атырауда полицейлер есірткімен ұсталды. Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері Данияр Қанатов и Роман Аймағамбетовті кеше кешкісін Атырау-Доссор тас жолы бойында өзіндік қауіпсіздік қызметкерлері уақытша қамауға алды.

Полицейлерді ұстау операциясы, әлеуметтік желіге тарап кетті. Онда Хундай автокөлігі жанында ұсталған екеуге тергеу басталғаны хабарланады. Мотоциклдің дөңгелегіне мұқият жасырынған есірткіні шығаруға біраз уақыт кетті. Видеоға қатысты түсінік берген полиция департаменті аталған деректі растады. Ұсталған екі полицейдің бірі еңбек демалысында, ал екіншісі қызметте жүргенін айтты.

Ерген ТӨЛЕМІСОВ, АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ПД ӨЗІНДІК ҚАУІПСІЗДІК БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Жедел іздестіру іс-шараларын іздестіру барысында Атырау облысы Атырау –Доссор тас жолында тыйым салынған заттарды заңсыз тасымалдағаны үшін полиция департаментінің екі қызметкері ұсталды.

Б. Надірқызы