Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Халықтың құқық қорғау органдарына деген сенімі төмендеген, - сауалнама

AstanaTV
18.02.2021ж. 20:00
2113
Халықтың құқық қорғау органдарына деген сенімі төмендеген, - сауалнама

Елдің құқық қорғау органдарына сенім азайған. ranking.kz агентігі арнайы сауалнама жүргізіп, оның қортындысын жария етті. Сала қызметкерлеріне деген сенімсіздік неге төмендеп барады? Әріптесім Бекболат Сатуов осы сауалға жауап іздеді.

Бұл зерттеуге 18 мыңнан астам халық қатысқан. Ол елдегі жалпы халықтың 0,35 пайызын құрайды.

Нәтижесінде 2019 жылмен салыстырғанда, былтыр көпшіліктің құқық қорғау органдарына деген сенімсіздігі арта түскен. Қорытындыға сай полицияға мүлдем сенімсіздікпен қарайтындар 2019 жылы 2,3% құраса 2020 жылы 2,7% пайызға өскен. Сол сияқты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мен прокуратураның да қызметіне сенбейтіндер артқан.

Сауалнама сүйенсек елде құзырлы органдарға көпшіліктің сенімсіздігі жылдан-жылға артып келеді.  Біз сұрау салған елордалықтар да осыны растады.

БЛИЦ:

- Жоқ 100% процент көңілім толмайды.

- 100 пайыз деп айта алмаймын. Бірақ әрине олар өздерінің жұмыстарын істейді ғой. Міндетін атқарады. Оның бәрі түсінікті ғой.

- Сенім білдірмейсіз ба? Жоқ, жоқ.


Дегенмен, Ішкі істер министрлігі бұл олқылықтың орнын толтыруға ниетті. Олар бір жылдың өзінде 36 мыңнан астам адамның арызын қараған. Сондай-ақ, халықпен тығыз қарым-қатынас орнату үшін, халықтық кеңсе қызметін іске қосыпты. Сондықтан министрлік бұл қорытындымен келіспейді.

Нұрділдә ОРАЗ, ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:


Полицияның жұмысына келген кезде, ең бірінші бүгінгі күннің әлуметтік желілердегі бет-бейнесіне қарап баға беруге болады деп ойлаймын. Себебі, көпірден секіріп жатқанды құтқаратын кім, полиция. Оттан, ажалдан алып қалып жатқан кім полиция қызметкері. Осы мысалдардың бәрін ары қарай тізбектеп жібере беруге болады.

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевта «Менің полициям мені қорғайды» деген ұғым  бүгінгі күннің ұранына айналу қажет екенін ескерткен еді. Алайда, бұл қаншалықты орындалатыны алдағы күндердің еншісінде қалатын сыңайлы.

Б. Сатуов