$523.58 €549.71 ₽5.01
×

Заңға енгізілген өзгерістер 60 күннен кейін ғана күшіне енеді

AstanaTV
18.02.2021ж. 20:00
1942
Заңға енгізілген өзгерістер 60 күннен кейін ғана күшіне енеді

Бизнес және халыққа қатысты заңдарға енгізілген нормалар, 60 күннен кейін ғана күшіне ие болады. Екі ай аралығында жаңа міндеттемелерге дайын болуы керек. Бұл туралы бүгін Әділет министрі Марат Бекетаев, бүгін сенат отырысында мәлімдеді. Сондай-ақ министр алдағы уақытта жаңа заң жобалары мұқият сараптамадан өтіп, халықпен талқыланатыны, сол арқылы оның тиімділігі бақыланады дейді. Сенаторлар заң нормаларын шығаруды жетілдіруге бағытталған бұл заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады.

Марат БЕКЕТАЕВ, ҚР ӘДІЛЕТ МИНИСТРІ:


Бұл міндет заңды әзірлеген мемлекеттік органдарға жүктелетін болады. Қабылданған заңның тиімділігін бағалау үшін әзірлеуші орган жаңа реттеудің салыстырмалы нәтижелері көрсетілген есепті дайындайды. Бұл есеп құқықтық мониторинг шеңберінде қолданылатын болады, сондай-ақ парламенттік тыңдауларда немесе үкіметтік сағатта талқылануы мүмкін.

Ә. Өмірзақ