$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Аса ірі көлемде есірткі тасымалдағандарға ауыр жаза кесілді

AstanaTV
19.02.2021ж. 20:00
2534
Аса ірі көлемде есірткі тасымалдағандарға ауыр жаза кесілді

Түркістан облысы арқылы аса ірі көлемде есірткі тасымалдағандар сотталды. Жамбыл облысының екі тұрғыны 700 келіден астам есірткіні Қостанай жеткізбек болған. Сотта олардың қылмысы дәлелденіп, бірі 11, екіншісі 12 жылға жаза арқалады. Еске салайық, Бетпақдалада көлік жүрмейтін жолдармен жасырынып кетіп бара жатқан автокөлікті, жергілікті қорықшы байқап, полицияға хабарлаған. Жедел уәкілдер көлікті тінту кезінде 37 полиэтилен қапшығы мен бірнеше ыдысқа салынған өсімдік тектес есірткі заттарын тапты. Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленіп алынған зат "кептірілген марихуана" мен  «гашиш» болып шықты.

Қасым ҚАЛМАҒАНБЕТОВ,  ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Сотта анықталғанындай Байгазиев Абдигаппаровқа есірткі затын бетпақдала арқылы Алтынсай деген карьер арқылы Қостанайға жеткізіп бергені үшін 500 мың теңге беретінін айтып, Абдигаппаров Байгазиевқа жол көрсетіп отырған.  


А. Төребекқызы