$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Атыраудағы көршілердің дауы шиеленісіп кетті

AstanaTV
22.02.2021ж. 20:00
2822
Атыраудағы көршілердің дауы шиеленісіп кетті

Атырауда қоңсы көршілер дауласып жатыр. Жапсарлас салынған баспананың бір жағынан дүкен ашқан кәсіпкер, өзіне тиесілі бөлігін бұзып тастаған. Осының салдарынан ортадағы қамыс қабырға жарылды. Бұған дейін «шәй» десіп көрмеген көршілердің дауын, аймақтағы әріптесім жеткізеді.

Атыраулық Мұрат Өтешқалиұлының күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айрылғанына 10 күн өткен.  Жапсарлас тұрған көршісі, үйдің өзіне тиесілі бөлігін бұзып тасаған. Содан бері екі үйдің ортасында тұрған жалғыз қабырға жарылып, арасынан жел гулеп кеткенін айтады. Тіпті бір күні қамыс қабырға құлап қала ма деп қорқады.
 
Мұрат ӨТЕШҚАЛИҰЛЫ, АТЫРАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Екі орта қабырға бәрі қамыстан салынған үй. Ертең құлайды. Қыстың көзі қырау. Ақпан айында ешкім бұзбайды ғой. Сәл түра тұрмайсыздар ма деп едім, менің өзбектерім кетіп қалады. Мен наурыз-сәуірге дейін көтеріп тастауым керек. Бұл менің бәрі өзімнің үйім. Жеке меншігім. Ешкімнен рұхсат алуға ешқандай құқым жоқ.   Мен акиматқа жаздым, акиматтан рұхсатым бар,- деді.


Мына бұзылған үй 1979 жылы салынған. Кезіндегі үй иесі, жас отау баласы үшін жапсарлас баспана салған. Ал құжатты екі бөлек баспана ретінде рәсімдеген. Мұрат сол жапсарлас бөлігінде тұрады. 1986 жылы қызмет орны, жас маманға сатып әперген. Ал екінші үйдің иесі бірнеше рет ауысып, соңғы қожайыны азық-түлік дүкеніне айналдырған. Ол ескіні бұзып, орнына жаңасын тұрғызбақ ниетте. Кәсіпкер меншігімдегі үйді бұзуға біреуден рұхсат сұрауға міндетті емеспін,- дейді.
 
Алма БӘДЕЛОВА, КӘСІПКЕР:


Мына жар - менің жарым. Бұл кісі пожарный проходтан өзіне қосып алған әрі қарай. +Неге талап қойып тұрғанын білмеймін. Мен негізі жарымды бұл кісіге беріп тұр едім негізінде. Сізге қала берсін осы жар. Бер жағынан 1 метр қалдырып салып кетемін көршісіз ғой ұят қой деп.

«Тиісті мекемелерден рұхсат алдық» деген кәсіпкердің сөзін қалалық сәулет бөліміндегілер жоққа шығарып отыр. Айтуларынша, ол баспананы бұзу үшін іргелес көршісінің рұхсаты маңызды деді.  

Ерлан КАБДИНОВ, АТЫРАУ ҚАЛАЛЫҚ СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Ғимаратты бұзудың өз тәртібі бар. Онда үйдің иесі іргелес көршісінен нотариалды түрде келісімін алуы тиіс. Болмаған жағдайда бұзуға рұхсат берілмейді. Ол кәсіпкер үйді бұзуға рұхсат алу үшін бізге арыз түсірген жоқ. Жергілікті атқарушы органнан рұхсат алмайынша, бұзуға құқы жоқ.

Шенеунік зардап шеккен тарапқа сотқа арыз түсіруге кеңес беріп отыр. Ал өз тарапынан кәсіпкердің үйдің бұзуға рұқсат алмағаны туралы жазбаша анықтама беруге дайын.

Б. Надірқызы