Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Министрлер мен депутаттар коронавирусқа қарсы вакцинаны қашан қабылдайтыны белгілі болды

AstanaTV
24.02.2021ж. 20:00
1942
Министрлер мен депутаттар коронавирусқа қарсы вакцинаны қашан қабылдайтыны белгілі болды

Қазақстандық министрлер мен депутаттарға коронавирусқа қарсы вакцина наурыздың соңы мен сәуірдің басында жасалмақ. Бұл туралы елдің бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов айтты. Сонымен бірге, карантиннің толық алынып тасталатын уақыты белігілі болды. Болжам қашан орындалмақ? Елдегі эпидемиологиялық жағдайды бақылап оытрған әріптесім Асылбек Данияр тақырыпты жалғастырады.

Әр елдің президенттері мен шенділері отандық телеарналары арқылы коронавирусқа қарсы вакцина алғандарын жарияға жар салды. Бұл сәтте қазақстандықтардың арсында да "неге біздің министрлер мен депутаттар екпе қабылдамайды" деген үлкен сұрақ туындады. Денсаулық сақтау вице-министрі бұған былай деп жауап қатты.

Ерлан ҚИЯСОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕРІ:

Бұл адамдар мемлекеттік қызметкерлердің санатындағы вакцинациялауға кіреді. Қазіргі таңда медициналық қызметкерлерге екпе салынды. Енді педагогтар мен тәртіп сақшыларына , сонымен қатар мемлекеттік қызметшілерге вакцинация жасалады. Бұл наурыздың соңы мен сәуірдің басына тура келеді деп ойлаймыз.


Елде шектеу шаралары енгізілгеніне де 1 жылға таяу уақыт болды. Халық шаршады, біраз кәсіпкердің бизнесі құлдырады. Ерлан Қиясов өз сөзінде Қазақстан COVID-19-тің таралауы бойынша жасыл аймаққа кіргенін және сыртқаттанушылық деңгейі 1,2 есеге азайды, деді. Сондай-ақ карантин қашан түгілімен алып тасталатын уақытты болжады.

Ерлан ҚИЯСОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕРІ:

Қазір карантинді толық алып тастау туралы айтуға әлі ерте. Бірақ, болжам жасайтын болсам, бұл үшін барлық өңірлер «жасыл» аймақта болуы қажет. Ол үшін ауру 100 мың адамға шаққанда 25-тен аспауы тиіс. Ал таралу коэффициенті 1-ден төмен болуы қажет. Бұл біз алдағы уақытта бағдарлай алатын ықтимал критерилердің бірі. Шектеу шараларын алып тастау үшін пандемияны толық жеңуіміз керек.

Әлемдік БАҚ-та ресейлік "Sputnik V" вакцинасынан 15 адамның көз жұмғанын туралы мақала жарияланды. Дерек көздері қайтыс болған науқастардың өлім себебі басқа екенін жазған. Дегенмен, министрлік өкілдері ақпаратты түбегейлі жоққа шығарды. Айтпақшы, енді 65 жастан адамдарға дәрі салуға рұқсат етілді.

Нұршай ӘЗІМБАЕВА, ҚР ДСМ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:

Вакцина шығараушы компанияларының тарапынан біздің министрлікке ресми түрде осы вакцинаменен қатысы бар өлім-жітім тіркелгені туралы ақпарат келіп түскен жоқ.


Бүгінде республикада эпидемиологиялық ахуал тұрақталып келе жатыр. Өткен тәулікте 753 COVID-19-дың жаңа жағдайы тіркеліпті. Пандемия басталғалы 209 мыңнан астам науқас коронавирус жұқтырған. Бірақ бұл санмен вице-министр келіспейтін сыңайлы.

Ерлан ҚИЯСОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕРІ:

- Қазақстан Республикасында 24 ақпандағы жағдай бойынша COVID-19-дың оң нәтижесімен ауырған 198 086 науқас тіркелді.
- Бұл қай күнгі ақпарат екенін білесіз бе өзіңіз?
- Мүмкін қате болған шығар 24-ші емес 23-ші ақпандағы жағдай бойынша.


Ерлан Қиясовтың келтірген "жаңа" статистикасы 10 ақпанға тиесілі.

Яғни сандық мәліметтің 14 күндік айырмашылығы бар. Бұдан бөлек, 1 наурыздан бастап коронавирустың "жасыл" және "сары аймағына" енген облыстарда карантин жеңілдетілмек. Адам санын шектей отырып, ойын-сауық орталықтардың, цирк, бильярд клубтардың жұмысына рұқсат етіледі. Ал, базарлары жексенбі күні де ашық болады. Сонымен бірге, комиссия мүшелері бірнеше халықаралық рейстер қалпына келтіру туралы шешім қабылдапты.

А. Данияр