$523.58 €549.71 ₽5.01
×

Бүйрегін алмастырған науқастар ішетін препараттарының түпнұсқа болуын талап етуде

AstanaTV
24.02.2021ж. 20:00
1634
Бүйрегін алмастырған науқастар ішетін препараттарының түпнұсқа болуын талап етуде

Түркістан облысында бүйрегін алмастыртқандар, өздеріне тағайындалған дәрілерінің түпнұсқа болуын талап етіп отыр. Олар жаңадан тағайындалып жатқан препаратты қабылдауға қарсы. Күні дәріге тәуелді бір топ тұрғын, өз талаптарын облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының алдында көтерді. Жиылғандар жаңа дәрінің ағзаға зиянды екеніне сенімді. Олар бүйрегіміз қайта істен шыға ма деп қорқады.

Сәрсенбек СҰЛТАНҚҰЛОВ, I-ШІ ТОПТАҒЫ МҮГЕДЕК:


Біз бұл дәріні ішсек, ертеңгі күні салған бүйрегіміз әрқайсымыз қарындасымыздан бауырларымыздан әрең алып, енді адам қатарына қосылған кезде жаңағы дәріні берсе біздің бүйрегіміз осложнение береді оған. Басқа қалаларда ішкен адамдар бар екен, ол кісілер де шағым айтып, олар да гемодиализ аппаратына қайттан түсіп қалып жатыр.

Бақытжан ӘБДІРАМАНОВ, I-ШІ ТОПТАҒЫ МҮГЕДЕК:


Жан жақтан естіп жатырмыз кері әсері бар екенін заменительдің, ішіп жатқан дәріміздің. Сол түпнұсқаны беруін талап етіп отырмыз біз.


Білулерінше өңірдегі өздері секілді үш жүздей науқасқа дәрі берілмек. Науқастардың айтуынша өздеріне қажет дәрілер дәріханадан табылады. Тек бағасы қымбат. Оған арзымайтын жәрдемақылары жетпейтін көрінеді. Ал мәселеге араласқан жауапты басқарма өкілі бұл проблема Денсаулық сақтау министрлгі тарапынан шешілуі тиіс екенін түсіндірді.

Ләйлә БЕГАЙДАРОВА, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
                                                                     
Дәрінің саудалық атауын таңдау және закупты біз өткізбейміз. Сатып алуды біз өткізбейміз. Ол «Самұрық Қазына Фармация» арқылы өткізіледі, бізге жеткізіледі. Біздің внештатный маманнан біз хат алдырғанбыз. Ол маманның айтуы бойынша,бұл  науқастардың үйреніп қалған сол дәрілік затын ішу керек оригинал.

А. Төребекқызы