$511.22 €540.05 ₽4.73
×

Атырау облысында жылқылар үсіп өлген

AstanaTV
26.02.2021ж. 20:00
3296
Атырау облысында жылқылар үсіп өлген

Атырау облысы аумағынан қатып қалған жылқылар табылды. Үйір-үйір жылқы желден ығып келген дейді, жолай жануарларды түсірген жолаушылар.

Бет қаратпас боранда жүре алмай, сол күйі қатып қалғандары да бар. Мына үйір-үйір жылқылар көршілес Батыс Қазақстан облысынан ығып келген мал деген болжам бар. Қалың қардан омбылап жүре алмай, Атыраудағы Индер ауданы аумағында үйіріліп қалған. Шаруалардың жай-күйін білуге шыққан мамандар жолай 300-ге тарта жылқыны Атырау-Орал тас жолынан өткізіп жібердік,- дейді.

Саулет ЕСЕТОВ, ИНДЕР АУДАНЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Ақ Жайық ауданының малдары»,- деді ығып келген. Машина қақпай, авария жасатпай өткізгеніміз ғой, 300 бас жылқыны. Түннің іші күн салқын болды, жел тұрғызбайды адамды.

Ал, мына табын сиырлар, тас жолдың бойымен жүруді жөн көрген. Олар көліктердің жүруіне кедергі келтіріпті. 40 шақты, ақ бас сиырда көрші облысқа тиесілі. Оларды Индер ауданына қарасты «Болашақ» шаруа қожалығының иесі қораға қамап, жем-шөбін берген. Ал бүгін мал иелері бір табын сиырды айдап алып кеткен.

Б. Надірқызы