Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Алматыда массаж салонында жұмыс істейтін қыздар полицияға жеткізілді

AstanaTV
09.03.2021ж. 20:00
4601
Алматыда массаж салонында жұмыс істейтін қыздар полицияға жеткізілді

Алматыда массаж салонының атын жамылып жұмыс істеген жезөкшелер үйі анықталды. Полиция Департаменті интимдік қызмет атқарған мекемені Медеу ауданынан тапты. Жекеменшік үйлердің бірінде 20 жастан 33 жасқа дейінгі қыздар, ақшалай сыйақы үшін өз клиенттеріне боди-массаж ұсынған. Сондай-ақ, полицейлер алкогольдік ішімдіктерге толы бар мен демалыс бөлмелерінің болғанын айтып отыр.

Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Жеті қыздың алтауы әр облыстан келген жерлестеріміз. Біреуі Өзбекстан азаматы. Мұндай боди массаж-интимдік қызмет деп саналады. Және жөзекшелікпен теңестіріледі. Тиісті шараларды қабылдау үшін барлық массажистер полиция басқармасына жеткізілді.

Ә. Лесбек