Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Гвинеядағы әскери қоймада бірнеше жарылыс болды

AstanaTV
09.03.2021ж. 20:00
1737
Гвинеядағы әскери қоймада бірнеше жарылыс болды

Шетелден бірер ақпар. Экваторлық Гвинеяның әскери қоймасында жарылыс болып, 98 адам қаза тапты. Тағы 600 адам түрлі жарақат алған. Жойқын жарылыстар, халық ең көп шоғырланған Бата қаласында жексенбі күні кешке қарай басталған. Екі сағаттың арасында төрт рет дүмпу тіркелді. Екпіні жойқын жарылыстар әскери қоймадағы өрттен басталған. Оқыс оқиғаның дәл ортасында, 250 мың халық және әскерилер де қалып қойған. Қаладағы ғимараттардың көбі қирады. Жағдайға байланысты елдің сыртқы істер министрі көрші мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан көмек сұрауда.

Симеон Ойоно ЭСОНО АНГУЭ, ГВИНЕЯНЫҢ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ:

Мен ұлы мәртебеліден, достас елдер мен бауырлас мемлекеттерден, халықаралық ұйымдардан көмек сұрауға рұқсат беруін сұраймын. Экваторлық Гвинея қиындықққа тап болғанда қол ұштарыңызды созсаңыздар деймін. Біздің ауруханаларымыз коронавирус жұқтырғандарға толып жатқанда, Батадағы жарылыстар жағдайды одан сайын қиындатып жіберді.

1 миллион 200 мың халықты, 41 жылдан бері басқарып келе жатқан ел Президенті, төтенше жағдайға  әскерилерді кінәлауда. Оның пайымынша, жауаптылар жарылғыш заттарды, қару-жарақтарды дұрыс сақтамаған.

Б. Сатуов