Өткен жылдың ақпан айымен салыстырғанда қолданыстағы тұрғын үй бағасы 20%-ға қымбаттаған. Ал, жаңа салынған пәтер құны 8 пайызға өсіпті. Бұл туралы бүгін Ұлттық статистика бюросы ақпарат таратты. Ақпанда қолданыстағы пәтерлердің құны, шаршы метріне 252 мың теңгеден саудаланған. Ал жаңа салынған үйлердегі шаршы метр - 323 мың теңгеден бағаланған. Сонымен қатар пәтерді жалға алу ақысы да 1,6 %-ға қымбаттапты. Бұған дейін ел Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, қолжетімді әрі сапалы үй салуды жандандыру үшін құрылыс компанияларымен оффтейк, яғни алдын ала сатып алу келісімін жасауды ұсынған болатын. Оған сәйкес, тұрғын үйлер "Нұрлы жер" бағдарламасындағы бағамен сатып алынады. Ал, мәжіліс депутаттары ипотеканы мемлекеттік субсидиялау өскен сайын, баспана бағасы да шарықтап бара жатқанына алаңдаушылық білдірген еді.
Б. Сатуов