Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Композитор Шәмші Қалдаяқовты еске алуға арналған караоке сайысы өтті

AstanaTV
08.09.2017ж. 20:00
4646
Композитор Шәмші Қалдаяқовты еске алуға арналған караоке сайысы өтті

Астанада композитор Шәмші Қалдаяқовты еске алуға арналған караоке сайысы өтті. Караоке батлдың басты мақсаты - Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына сай ұлттық музыкалық мұрамызды насихаттау және қазақстандық композиторлар мектебінің үздік дәстүрлерін дамыту. Музыкалық кешке мұрындық болған "Нұр Отан" партиясының «Жас Отан» жастар қанаты. Караоке байқауының қазылар алқасында болған Мәжіліс депутаты Геннадий Шиповских, Қазақстанға еңбек сіңірген әнші Алтынай Жорабаева мен Ерлан Малаев, қобызшы Ақерке Тәжібаева қатысушыларға әділ бағаларын берді.

Әйгерім Серікжанова, «Жас Отан» жастар қанатының баспасөз хатшысы:

Жастарымыздың жадында Шәмші Қалдаяқовты сақтап қалу. Жастар арасында сол кісінің өнерін, сол кісінің еңбектерін насихаттау болып табылады. Бүгінгі іс шарамыз жақсы өтеді және  Астана қаласының қонақтары мен тұрғындарына ұнайды деген үміттеміз.

Сонымен қатар, сайыстан кейін ашық аспан астында отандық фильм көрсетілді. Айта кетейік, биыл қарашаның соңында «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының IV съезі өтетін болады.