Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

«Нұр Отан» партиясы ашық есік күнін өткізді

AstanaTV
15.03.2017ж. 20:00
2676
«Нұр Отан» партиясы ашық есік күнін өткізді

Астанада Сарыарқа ауданының прокуратурасы ашық есік күнін өткізді. «Нұр Отан» партиясының қолдауымен ұйымдастырылған шара халыққа заң нормаларын түсіндіруге бағытталған.

Еркеболат Серікбаев, Астана қаласы Сарыарқа ауданының прокуроры:

Заңды түсіндіреміз, қолымыздан келгенше, біздің неше түрлі ықпал ету шараларымыз бар, ұсыныс енгіземіз мемлекеттік органдарға. Наразылық келтіреміз заңсыз қабылданған шешімдерге. Осындай жұмыстар жүргізіледі. Біраз жұмыстар атқарылып, азаматтарға көмегіміз тиіп жатыр.

Ашық есік күніне Астана қаласындағы 20-ға тарта мемлекеттік орган өкілдері қатысып, тұрғындардың арыз-шағымын тыңдады. Шараның негізгі мақсаты - халықтың көкейтесті мәселелерін зерттеп, оларға заңды түрде түсініктеме беру, дейді құзыретті орган өкілдері. Партия белсенділерінің сөзінше, тұрғындар қордаланған мәселелерді бір орталықтан шешуге мүмкіндік алмақ.

Жұмажан Жүкенов, «Нұр Отан» партиясы республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі:

Астана қаласы мемлекеттік органдарын шақырып, бір тереземен қандай да болсын мәселені шешуге бағытталады. Бүгін олар ана мекемеге бармайды, білім денсаулық деген сияқты. Бәрі осы партияның алаңында жиналып, мәселелерін осы жерде шеше алады.