$498.34 €519.72 ₽4.85
×

СҚО мектепті торуылдап жүрген түлкі таспаға түсіп қалған

AstanaTV
15.03.2021ж. 20:30
1920
СҚО мектепті торуылдап жүрген түлкі таспаға түсіп қалған

Солтүстік Қазақстан облысындағы Казанка ауылына түлкілердің шабуылдауы жиілеген. Жергілікті тұрғындардың өздері дабыл қақты. Жұрт биыл ауыл көшелерінде жыртқыш аңды көп кездестіретіндерін айтады. Олар үй құстарына шабуылдауға көшкен. Бұқара өзінің үрейін әлеуметтік желіде жариялады. Соның дәлелі ретінде мектепті торуылдап жүрген түлкінің видеосын ұсынған. Ауыл әкімі жабайы жыртқыш аңның көбейгенін растап отыр. Шенеуніктер аңшылардың көмегіне жүгінген.

Виктория ЕРОФЕЕВА, СҚО ЖАМБЫЛ АУДАНЫ КАЗАНКА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:

Түлкі біздің ауылға күзде келе бастады. Жұрт әрбір жерде көргендерін айтып, хабарлады. Ешкім зардап шеккен жоқ. Мен құзырлы органдарға хат жаздым. Кейін аңшылар келіп, соңғы үш айдың ішінде ауыл маңайынан 12 түлкіні атып тастады. Қазір аңшылық маусымы аяқталды. Сондықтан енді басқа амал қолданамыз.

А. Құрманкин