Ақтөбе облысының Темір ауданындағы дала өртінен зардап шеккен ауыл тұрығының жағдайы тұрақталды. Бұған дейін ажалдан аман қалған адамның ауруханада жатқанын айтқан едік. Денесінің жартысын күйік шалған науқас дереу санавациямен облыс орталығына жеткізілген. Дәрігерлер 40 жастағы азаматты жақын уақытта палатаға ауыстырамыз деп отыр.
Гүлнар Мәмбетжанова, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:
Науқастың тыныс жолдары және тері жамылғысының 50 пайызы отқа шалдыққан. Жан сақтау бөлімінде ем алуда. Бүгінгі күні жағдайы тұрақтанды. Өкпенің жасанды вентиляция аппаратынан ажыратылып, өздігінен тыныс алуда. Қазіргі күні инфузиялық, антибактериялдық терапея жүруде.
Еске
салайық, Ақтөбе облысындағы дала өртін сөндірмек болған Әйтеке би мен Темір
ауданының 5 тұрғыны өртеніп кетті. Қаза тапқандар ішінде, еріктілерден өзге, Сұлукөл ауылының әкімі де бар.