Елордада өткен екі жарым айда 64 көлік өртенген. Төтенше жағдайлар депатраментінің дерегінше, былтырғы жылмен салыстырғанда 42 пайызға артқан. Көлік неге өршіп тұр? Әріптесім Бекболат Сатуов сауалға жауап іздеді.
Бұл қаладағы Әлия Молдағұлова көшесіндегі, таңертеңгі оқиға. Өрт жапондық мазда автокөлігінің қозғалтқышынан шыққан. Қысқа тұйықталудан болған қызыл жалынды, төтенше жағдай мамандары өшірді. Бұл- бір ғана факті емес. Қаңтарда ғана көлік жуатын орында 13 көліктің сау тамтығы қалмай жанып кеткен еді. 13 темір тұлпар жарамсыз күйге түскені белгілі. Өрттің неден болғаны әлі күнге белгісіз. Мамандар сот сараптамасы шықпағанын айтты. Ал, тұрғындар оған жылыту құралы себеп болуы мүмкін дейді.
Бекарыс ЖАҚЫП, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Көрдім иә, ұзынқұлақтардың айтуы бойынша, соңғы кірген автокөліктің алдына пушка қойып қойған дейді ғой, жылыту үшін. Қатып қалған болған ғой,пушка қойып қойған. Сол үшін өртенген. Содан бастап бүкіл машиналар өртенген.
Төтенше жағдай мамандары қала ішінде көліктің өртенуі жиілегеніна алаңдаулы. Оған түрлі себеп бар деп отыр. Көбіне ескі көліктер отқа оранады дейді.
Аягөз ФАЗЫЛОВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ТЖД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:
Өрттердің саны осы 10 жылдан асқан, автокөліктер тіркеліп отыр. Айтып кететін жағдай электр желілерінің жаңағы зақымдалуынан, 81 пайызы осы өрттердің басты себептері 81 пайызды құрап отыр, жалпы өрттің.
Дейтұрғанмен қала халқының бған қатысты пікір сан қилы.
БЛИЦ:
- Әркімнің өзінің жағдайына байланысты үйтіп-бүйтіп жүре береді да.
- Сол газдан өрт шығады көбінесе. Менің өзімде де газ болған бұрынғы машинада. Исі шығып тұрады, масқара.
- Сол электриктер жетіспейді да, водительдер кінәлі болмайды ғой.Водитель сол электрикке апарады гой.
- Оған енді автокөліктің иелері өздері кінәлі болады. Көлігіне қарамағандықтан. Уақытында жөндетпегендіктен.
Шындығында тозығы жеткен темір тұлпарлар аз емес. Оның нақты санын бізге ешкім айта алмады. Мамандар көлік жүргізушілерінің салғыртығы да төтенше жағдайдың орын алуына себеп болатынын жеткізді.
Б. Сатуов